Химиялық және биологиялық технологиялар институты

Институт химиялық инженерия, инженерлік биотехнология саласының  және өнеркәсіптің химия, мұнай-химиясы, биотехнология, энергетика, тау-кен металлургиясы, мұнай өндіру және мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы салалары үшін қоршаған ортаны қорғау саласының эколог-мамандарын дайындайды.

Химиялық және биохимиялық инженерия - бұл жаңа технологиялар мен материалдарды жасау, өндіріс тиімділігін арттыру және күшейту үшін қолданылатын химиялық және биологиялық процестерді жақсы білуге негізделген жоғары технологиялық сала,  өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеуде шешуші рөл атқарады. Институт студенттері шикізат пен қосалқы материалдарды пайдалы тауар өнімдеріне айналдыру үшін қажетті процестерді зерттейді.

Институт ірі өнеркәсіптік химиялық және биохимиялық өндірістердің, сондай-ақ бизнестің болашақ көшбасшыларын, инженерлік-техникалық қызметкерлердің  жаңа буынын дайындайды және  химиялық және биохимиялық инженерияның жаңа әдістерін ойлап табады.

Институт тарихы Қазақ тау-кен металлургия институтында құрылған "жалпы химия" және "физикалық және аналитикалық химия" кафедраларынан бастау алады. Қазақстанның химия және мұнай химиясы өнеркәсібін, фосфор мен  минералды тыңайтқыштар және түсті металлургия өндірісін  құрған және дамытқан көрнекті оқытушы-ғалымдар қафедраны құрып, оның іргесін қалаған.

Бүгінгі таңда институт өнеркәсіптің түрлі салалары үшін химиялық және биохимиялық инженерия мамандарын, биотехнолог-инженерлер мен эколог мамандарын даярлау саласында көшбасшы болып табылады. 2018 жылдан бастап ХБТИ 2018 жылдың сәуір айында ҚР БҒМ бекіткен "Химиялық және Биохимиялық Инженерия" жаңа білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Бұл бағдарламаға сәйкес біздің институтта Химиялық инженерия, биотехнология және экология бағыттарындағы мамандықтарға түскен студенттер алғашқы төрт семестрінде, яғни оқудың алғашқы екі жылында химия, биология, математика және физика бойынша бірыңғай базалық іргелі инженерлік даярлықтан өтеді, ал бесінші семестрден бастап, яғни оқудың үшінші жылынан бастап өздерінің болашақ мамандығының бағыты бойынша бейінді пәндер өтеді. Бұл жаңа білім беру бағдарламасының ерекшелігі болып табылады. Білім берудің барлық үш сатысында пәндерді оқыту, бакалавриатта дипломдық жұмыстарды және магистратура мен докторантурада диссертациялық жұмыстарды орындау үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Институт зертханалары жалпы, бейорганикалық, физикалық, коллоидтық, аналитикалық және органикалық химия, мұнай химиясы бойынша зертханалық жұмыстарды жүзге асыру мақсатында "Phywe Systeme" (Германия) фирмасының заманауи қондырғыларымен жабдықталған. Студенттер виртуалды зертханалық жұмыстар жүйесіне еркін қол жеткізе алады, ғылыми жобалар мен зерттеулерге, ғылыми конференциялар мен олимпиадаларға белсенді қатысады.

Институт Еуроодақ, АҚШ және Азия университеттерімен тығыз байланыста, Пенсильвания университетімен (Pennsylvania State University, USA), University Sains Malaysia (Малайзия), Мәскеу технологиялық университетімен (Ресей), Беларусь мемлекеттік технологиялық университетімен (Беларусь), Белосток техникалық университетімен (Польша), Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен,  «Yeditepe University»  университеті (Стамбул, Түркия), Стамбул техникалық университеті (Istanbul Teknik Universitesi), Нанси университеті (Франция), Химия-технологиялық және металлургия университеті (Болгария), Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетімен тығыз байланыста және ынтымақтастықта.

Институт әлемнің әр түрлі елдерінен  оқытушы - ғалымдарды біздің докторанттарымыздың докторлық диссертацияларына жетекшілік ету және дәріс беру  мақсатында шақырады.

Институттың студенттері мен оқытушылары «Болашақ» президенттік білім беру бағдарламасына, Tempus, Erasmus, Newton-al-Farabi халықаралық бағдарламаларына қатысады; ағылшын тілді елдерде тілдік тағылымдамадан өтеді; және "Білім-ғылым-өндіріс" ғылыми - білім беру тәсілі бойынша институтпен тығыз байланыста қызмет жасайтын  әріптестердің  кәсіпорындарында және шетелдік жоғары оқу орындарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Институт Қазақстанның мұнай және газ-химия салаларының жетекші өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытымен, Павлодар мұнай химия зауыты, Қазақ газ өңдеу зауытымен, сондай ақ «Интергаз-Орталық Азия», «Теңізшевройл» және «Fluor Corporation» сияқты компанияларымен, «Organic» мұнай өнімдерін тәуелсіз сараптау орталығымен, "Орынбор минералдары" АҚ-мен (Ясный қ., Орынбор обл.) және т. б. ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас жасайды. 

biochem@satbayev.university

Байланыстар

Түйебахова Зоя Қайымқызы

Директор

НК 308

z.tuiebakhova@satbayev.111

Logo to sign Satbayev University

Портнягина Ирина Алексеевна

Директор орынбасары

ГМК 219

i.portnyagina@satbayev.111

Logo to sign Satbayev University
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту