Жүзеге асырылған ғылыми жобалар

«ҚазТрансОйл» АҚ-ы мұнай құбырларының бағыттары бойынша мұнай және мұнай қосындыларын тасымалдау кезінде энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

«ҚазТрансОйл» АҚ-ы мұнай құбырларының бағыттары бойынша мұнай және мұнай қосындыларын тасымалдау кезінде энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

«ҚазТрансОйл» АҚ-ы мұнай құбырларының бағыттары бойынша мұнай және мұнай қосындыларын тасымалдау кезінде энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету – Сәтбаев университеті мен «ҚазТрансОйл» АҚ-ының бірлесіп жасаған жобасы. Осы жоба аясында SmartTran инновациялық бағдарламалық кешені іске қосылды, ол тасымалдау кезіндегі шығынды азайтып, шешім қабылдау тиімділігін арттырады және тасымалдау жылдамдығын да арттырып, адам факторларының оған қатыстылығын төмендетеді.

Бұл жоба «Ақпараттық, телекоммуникациялық және космостық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласының ғылыми зерттеулері» бағыты бойынша жасалып, есептеулерді автоматтандыруға, «ҚазТрансОйл»-дың мұнай құбырлары бойынша жоғары сапалы әрі тұтқырлы мұнай және мұнай қоспаларын өндіруді жоспарлау мен оңтайландыру ісіне бірегей сандық технологияларды енгізуге арналған.

Энергия үнемдеу мәселелері – мұнай кешеніндегі құбыр арқылы тасымалдау көліктері саласы бойынша маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Мұнайды құбыр арқылы тасымалдау көліктері – күрделі энергетикалық кешен, оған магистральды және қосымша көмекші құбыр желілері, мұнай қотару станциялары, резервуар парктері, жылыту пештері және тағы басқа технологиялық құрылғылар жатады. Жоғары тұтқырлы және тез қататын мұнай мен мұнай қоспаларын тасымалдау экономикасы Қазақстанда негізінен мұнайды қотаруға және жылытуға кеткен энергия шығындары арқылы анықталады.

Осы шығындар мәселелерін шешу үшін арнайы SmartTran бағдарламалық кешені іске қосылған. Ол берілген нақты уақыт аралығында СКДУ, АСКУЭ мәліметтерін жинақтап, автоматты түрде энергия үнемдеу режимін іске қосады да, жеткізушіден тұтынушыға дейін мұнай тасымалдау жұмысының көлемін оңтайлы жоспарлау мәселесін тиімді түрде, әрі тез арада шешеді.
 

Инновационный программный комплекс SmartTran  Инновационный программный комплекс SmartTran

Инновационный программный комплекс SmartTran Инновационный программный комплекс SmartTran

Сонымен, SmartTran төмендегі мәселелерді шешеді:  

  • Құбыр желісі жағдайының мониторингі;
  • Мұнай қотарудың әртүрлі режимдерін модельдеу;
  • Мұнай және мұнай қоспаларын қауіпсіз әрі апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету;
  • Экономикалық анализ, оңтайлы жоспарлау;
  • Құбыр желілерін жобалау.

Шетелдік баламалармен салыстырғанда SmartTran мұнайды «ыстық» күйінде қотару кезіндегі энергия үнемдеу режимін дәл әрі тура есептей алады және химиялық реагенттерді насостық агрегаттар мен жылыту пештері жұмысының жағдайын, мұнайдың реологиялық қасиеттерін анықтау арқылы қолдана отырып қотару режимін есептей алады.  

 

Жобаны жүзеге асыру нәтижелері

Бақылаудың және энергия үнемдеуді коммерциялық есептеудің автоматтық жүйесін диспетчерлік басқарудың ақпараттық жүйесімен бірлескен SmartTran инновациялық бағдарламалық кешенін жүзеге асыру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ында 2015 ж. жалпы ұзындығы 5377,3 км болатын магистральды мұнай құбыры арқылы мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдаудың экономикалық тиімділігін 20% арттыруға мүмкіндік туды. Ал SmartTran бағдарламалық кешенінде орнатылған энергия үнемдеу режимінің экономикалық тиімділігі жылына 1 274 922 287,43 теңге құрайды.

Жоба туралы толығырақ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту