13 наурыз 2019 329

Сәтбаев оқуларына материалдар қабылдау аяқталады

Satbayev University logo

Satbayev University

Сәтбаев оқуларына материалдар қабылдау аяқталады

2019 жылдың сәуір айында еліміздегі техникалық білімнің қара шаңырағы Satbayev University – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығына және ҚазҰТЗУ-нің 85 жылдық құрметіне арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары – Қ.И. Сәтбаев» деген атпен  «Инновациялық технологиялар – ҚР экономикасының кен-байыту және мұнай-газ секторларының негізгі және қолданбалы мәселелерін табысты шешудің кілті» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтеді. Сонымен қатар осы конференция аясында осындай атаумен Сәтбаев оқулары да өтеді.

Студенттер, магистранттар және жас ғалымдар конференцияға қатысуға шақырылады! Конференция мақалаларын қабылдау мерзімі 2019 жылғы 20 наурызға дейін ұзартылды. Мақала мәтіндерін жауапты орындаушыға мына мекенжай арқылы жіберуге болады: a.bekbotaeva@mail.ru.

Өткізілетін күні: 10–11 сәуір 2019 жыл. Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ.

Сәтбаев оқуларының жұмысы келесі ғылыми бағыттарда жүргізіледі:

  1. Геология, геофизика және мұнай-газ ісі
  2. Тау-кен-металлургиялық индустриясы
  3. Өндірістік инженерия
  4. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар
  5. Химиялық және биологиялық инженерия
  6. Негізгі пәндер

Ғылыми жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Ғылыми еңбектер жинағы конференциядан кейін сайтта электронды нұсқада беріледі. Көлемі 4 беттен тұратын материалдар талаптарға сай (Қосымша 1) рәсімделіп, электронды адреспен тиісті секция бөліміне жіберіледі.

Конференция аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар тапсырылады. Ұйымдастыру комитеті рәсімдеу талаптарына сай келмейтін баяндамаларды кері қайтаруға құқылы. Баяндамалар мәтіні секция бойынша электронды адрестерге қабылданады.

Толығырақ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту