12 сәуір 2019 1280

Сәтбаев Университетіндегі бос қызмет орындары

Satbayev University logo

Satbayev University

Сәтбаев Университетіндегі бос қызмет орындары

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ келесі бос лауазымдық орындарын басу жөніндегі конкурс жариялайды: кафедра меңгерушілері, профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, ассистент-профессорлар, сениор-лекторлар, лекторлар, тьюторлар, ассистенттер.

ҚазҰТЗУ ПОҚ қызметкері болып табылмайтын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды тапсырады:

1) өтініш (4-қосымша үлгісі бойынша);

2) түйіндеме (2-қосымша үлгісі бойынша);

3) жоғары білім, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломның көшірмесі және оларды салыстыру үшін аталған құжаттардың түпнұсқалары;

4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (бар болған жағдайда) көшірмесі және оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;

5) үміткерлердің еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмесі және оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;

6) жұмыс орнынан кейінгі 3 жылда орындалған ғылыми жобалардың, ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың бекітілген тізімі.

Үміткерлер білімі, еңбек тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты өзге де құжаттарды (ұсыныс хат, мінездеме, тілдік дайындық туралы сертификаттың көшірмесі, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саласындағы елеулі жетістіктерін растайтын өзге құжаттар және т.б.) ұсынуға болады.

Құжаттар 2019 жылдың 12 мамырына дейін сағат 17:30 шейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22, 202 каб. Анықтама үшін тел.: 8 (727) 292 60 37.

ПОҚ лауазымдарына қойылатын  біліктілік талаптары

Түйіндеме

Өтініш

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту