Сәтбаев университеті мен "Тау-Кен Самұрық" ұлттық компаниясының бірлескен кәсіпорны

Совместное предприятие Satbayev University и Национальной компании «Тау-Кен Самрук»

Сәтбаев университеті мен «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы бірлесіп, Қазақстан тау-кен саласындағы көптеген мәселелердің шешімін табуға және компанияның инновациялық-технологияларды әлеуетін арттыруға септігін тигізетін «Ғылыми-зерттеу орталығы» кәсіпорнын құрды.

Аталмыш кәсіпорын қызметкерлері тау-кен-металлургия секторының кәсіпорындарына арнап ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізеді. Инновациялық технологияларды кен барлау, минералды шикізат көздерін өндіру және қайта өңдеу саласына енгізу, сондай-ақ оларды коммерцияландыру үшін қосымша инвестицияларды тарту жұмыстарымен шұғылданады.

Дамушы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ірі-ірі өндіріс орындарының жанынан құрылған ғылыми-техникалық орталықтар инновациялық өнімдер нарығында ерекше артықшылықтарға ие болады. Ғылыми орталықтың ашылуы «Тау-кен Самұрық» компаниясына Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия саласындағы көптеген инвесторларымен әртараптандырылған активтер қоржыны бар және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуеті де, ресурстары да мол, сенімді стратегиялық серіктес атануына көмектеседі.

Компания жұмысын іске қосу үшін алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіліп, әлемдік тәжірибе қолданылады. Орталықтың тау-кен өндірісі бойынша тәжірибелі-өнеркәсіптік базасын құру жөніндегі жұмыстары кен қазбалары құрамындағы пайдалы компоненттерді алу, өндіру және қайта өңдеу техникалары мен технологияларын бизнестік деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл тау-кен ісіне қажетті машина жасау  саласын дамытуға, осы сала бойынша ғылыми, жобалау және тәжірибелік-конструкторлық әлеуетті дамытуға септігін тигізеді.

Аталмыш кәсіпорын сонымен қатар жаңа кен орындарын іске қосу жұмыстарын тездетіп, оны қолданысқа енгізуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі үдерістерді жылдамдатады. Ғылыми орталық «Тау-кен Самұрық» компаниясының инвестициялық жобаларын ғана емес, сондай-ақ Ресей, Қытай, Моңғолия және Орта Азия елдерінің кәсіпорындарынан инновациялық технологиялар жөнінде түскен тапсырыстарды да орындайтын болады.  

Орталықтың тағы да бір қызметтік бағыты – тау-кен саласына қажетті мамандарды бакалавриат, магистратура және РhD-докторантура бағдарламалары бойынша даярлау, сондай-ақ осы салада қызмет ететін кәсіби мамандарға арнап семинарлар мен тренингтер жүргізуді ұйымдастыру болып табылады. Оған шетелдік жетекші ғылыми және білім беретін орталықтардың ғалымдары жұмылдырылады.

Ғылыми орталықтың ашылуы сондай-ақ «Тау-кен Самұрық» компаниясына дамуы жағынан жаңа сапалы дәрежеге көтерілуге, ғылыми жобаларына және өзінің өндірістік кәсіпорындарына жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде компанияның құнын арттыруға мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, ғылыми орталық тау-кен саласының бірыңғай ғылыми инфрақұрылымының негізіне айналады. Сөйтіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, мамандардың білім алып, кәсіби біліктілігін жетілдіруіне септігін тигізеді.

Совместное предприятие Satbayev University и Национальной компании «Тау-Кен Самрук»

Бірлескен кәсіпорынның негізгі міндеттері

Қазіргі қолданыстағы және жаңадан ашылатын кәсіпорындарға арнап күрделі және байыту жұмыстары қиындық тудыратын кендер мен концентранттарды қайтадан өндірудің технологиялық үрдістерін өңдеужәне оларға инновациялық технологиялар енгізу; технологиялық жабдықтарды таңдау және оларға есеп жүргізу; ғимараттарды жобалауға және оларға алдын ала технико-экономикалық есеп жүргізуге арналған технологиялық регламенттерді жасау; технико-экономикалық негіздеу; кәсіпорындар технологиясын жүзеге асыру механизмдерін жасау.

Компанияның негізгі стратегиялық мақсаты – жоғары сапалы активтер қоржынын қалыптастыру және түйінді жобаларды іске асыру үшін стратегиялық серіктестерді баулу болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту