Онлайн-оқу

Онлайн оқыту – білім беру саласындағы заманауи тренд, оны Stanford, Berkley және MIT секілді әлемдік университеттер жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Сәтбаев Университеті де осы әлемдік трендке ілесіп, өз студенттеріне дүние жүзінің кез келген нүктесінде білім алуға мүмкіндік жасап отыр.

Ол үшін университетте толыққанды онлайн білім беру жүйесін әзірледі – яғни 3000 курсқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін PolytechOnline платформасын іске қосты. 2020 жылы бұл платформа елдегі ең бай және ең жақсы интерактивті білім беру платформаларының бірі болып танылды.

Университеттің оқу курстары қысқа және шағымдылығымен ерекшеленеді, платформада «Сәулет» мамандығы бойынша бакалавриатқа түсу үшін дайындық курстары жүргізіледі, математика мен физикадан «Жас Сәтбаев» атты республикалық мектепішілік олимпиада және басқа да көптеген конкурстар мен бағдарламалар өткізіледі.

Бүгінгі күні платформада 10 мыңнан астам адам оқиды, бұл барлық қазақстандық студенттердің 14 пайызын құрайды. Емтихандар да осы платформада өткізіледі – емтиханды бақылау жасанды интеллект негізіндегі электронды тексеру жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Курстардың мазмұны үнемі жаңартылып отырады – Сәтбаев Университетінде осы курстар бойынша 619 адам жұмыс істейді, оның ішінде мамандандырылған өндірістік студия мен техникалық қолдау көрсету бөлімі де бар. Жыл сайын платформаның ыңғайлылығы жөнінде сауалнамалар жүргізіліп, оның негізіне орнатылған Moodle жүйесі соңғы нұсқаға дейін жаңартылады.

Университеттің барлық білім беру бағдарламаларының материалдары мен сервисті қолдану туралы нұсқаулықтар Polytech Online қашықтықтан білім беру порталына орналастырылған.

Polytech Online порталындағы студенттер мен оқытушыларға арналған есептік жазбалары мен сабақ кестелері университеттің студенттік оқу порталында орналастырылған мәліметтер негізінде автоматты түрде жасалды. Логиндер мен парольдер барлық жүйелерде бірдей.

Ішкі сервиспен қатар студенттер Zoom, Skype, Google-класс және Microsoft Teams секілді басқа да балама IT-құралдарды қолдана алады, оларға қол жеткізу шараларын Сәтбаев Университеті қамтамасыз етеді.

Сәтбаев Университетінің қашықтықтан білім беру факультеті әлемнің кез келген жерінде еңбектен қол үзбей-ақ бакалавр, магистр және докторлық білім дәрежесін алып шығуға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту түріне көшу аясында Сәтбаев Университеті Оқудың кредиттік технологиясы ережелеріне, сондай-ақ студенттердің білімін бағалау мен емтихандарды тапсыру ережелеріне өзгерістер енгізді.

Университеттің қашықтықтан оқыту түрі туралы толық ақпаратты төменде берілген сілтемелер арқылы, сондай-ақ Сәтбаев Университетінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы тауып аласыздар.
 
 

Жаппай онлайн режимдегі оқытудың басқа да жобалары

 

Келесі электронды пошталар бойынша кеңес беруге дайын:

1) ido-help@satbayev.university (PolytechOnline және Webinar.Satbayev.University),
2) dis-help@satbayev.university (Microsoft Teams),
3) or-help@satbayev.university (sso.satbayev.university).

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту