Түсу туралы толық ақпарат

Қайырлы күн, құрметті талапкер!

Бәріне белгілі, Сәтбаев университеті (СУ) – Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алдыңғы қатардан орын алатын техникалық университет. Жыл сайын мемлекет бөлетін 54 000 грантқа қосымша 2018–2019 оқу жылына тағы да 20 000 грант бөлінді. Оның ішінде 11 000 грант техникалық мамандықтарға, яғни Сәтбаев университетінде оқытылатын болашақ инженер мамандарға арналған. Биылғы 2018 жылы олардың көпшілігін Сәтбаев университетінің талапкерлері таңдап алғаны – қуанышты жағдай. Соның арқасында университет өз кезегінде талапкерлерге, магистранттар мен докторанттарға гранттық негізде тегін оқуға мүмкіндік беріп отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігі атап өткендей, алдағы уақытта да техникалық мамандықтарға деген сұраныс өсе түседі.

Сәтбаев университеті негізінен үш бағдарлама бойынша білім береді: бакалавриат, магистратура және докторантура. Сонымен қатар колледжді бітіргендер үшін арнайы оқу бағдарламасы және онлайн-форматта екінші жоғары білім алу бағдарламасы бар.

 

Бағдарламалар бойынша оқу мерзімі:

Бакалавриат – 4 жыл.

Колледжден кейінгі бакалавриат – 3 жыл.

Екінші жоғары білім (дистанциондық технология бойынша оқу) – 2 жыл.

Ғылыми-педагогикалық магистратура – 2 жыл.

Бейінді магистратура – 1 жыл және 1,5 жыл.

Докторантура – 3 жыл.

Оқу түрі: күндізгі

Оқу шарты: мемлекеттік грант негізінде немесе келісім-шарт негізінде.

 

Университетке құжаттарды тапсыру үшін kb.kaznitu.kz сайтында тіркеуден өту керек, тіркелу рұқсатын алғаннан кейін қабылдау комиссиясына барлық құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариальды түрде бекітілген көшірмелерін тапсыру керек. Гранттық негізде оқуға түсу үшін, ҚР БжҒ министрлігі белгілеген мерзімде мемлекеттік білім беру гранттарына арналған байқауға қатысу үшін өтініш толтыру керек.

Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттарды жеке-жеке файлдарға, бір папкаға толтырады. Сыртқы бетіне: талапкердің аты-жөні (толықтай); білім беру бағдарламасының шифры мен атауы; мекенжайы; қала коды; телефоны; ұялы телефоны, электрондық мекенжайы және оқуға түскен жылы жазылады.   

 

Сәтбаев университетіне қош келдіңіздер!

Докторантура

Сәтбаев университетінің докторантурасы ғылыми кадрларды даярлайды. Докторантурада оқу мерзімі – 3 жыл. Оған түсу үшін үміткердің «магистр» дәрежесі мен мамандығы бойынша 1 жыл жұмыс істеген еңбек өтілі болуы керек.

Докторантураға құжаттар қабылдау 3 шілдеден 31 шілдеге дейін жүреді. Шет тілдерінен түсу емтихандарын тапсыру мерзімі – 10 тамыздан 15 тамызға дейін, ал мамандық бойынша емтихандар 16 тамыз бен 20 тамыз аралығында өтеді. Тіркеу – 25 тамызға дейін жүреді.

Докторантураға қабылдау түсу емтихандарының нәтижесі бойынша байқау негізінде өтеді. Емтихандар 100-баллдық шкала бойынша бағаланады. Түсу емтихандарынан жалпы саны кем дегенде 150 балл (шет тілінен – 50 балл, мамандық бойынша емтиханнан – 50 балл) жинаған үміткерлер гранттық негізде оқуға қабылданады. Докторантураға ақылы негізде оқуға түскен шетел азаматтары қазақ немесе орыс тілінен емтихан тапсырады.    

Шет тілдерін жалпыевропалық стандарттарға сай дәрежеде білетінін дәлелдейтін халықаралық сертификаттары бар тұлғалар докторантураға түсер кезде ағылшын тілі емтиханын тапсырудан толық босатылады да, оларға төмендегі бағдарламалар бойынша 100-баллдық шкала деңгейінде баға қойылады. Атап айтқанда:

  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – 460 баллдан кем емес) ;
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шектік балл – 87-ден кем емес);
  • Test of English as a Foreign Language (TOEFL шектік балл – 560 баллдан кем емес);
  • International English Language Tests System (IELTS, шектік балл – 6.0-ден кем емес).

Докторантураға түсу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру керек:

  1. Ректордың атына жазылған өтініш;
  2. Үміткердің анкетасы;
  3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. Жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның (бакалавриат және магистратура) түпнұсқасы нотариат тарапынан бекітілген болуы керек;
  5. IELTS және TOEFL бағдарламалары бойынша тапсырған тест нәтижелері сертификатының түпнұсқасы (егер бар болса);
  6. Ағылшын тілінен тапсырған тестің төленген ақысы жөніндегі түбіртек (квитанция);
  7. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі (егер бар болса);
  8. 3x4 см көлеміндегі алты фотосурет;
  9. 086-У үлгідегі медициналық анықтама;
  10. Еңбек қызметін дәлелдейтін жеке құжатының түпнұсқасы және еңбек кітапшасының көшірмесі нотариатпен немесе кадр бөлімімен дәлелденген болсын (бұл еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  11. Research proposal (қазақ/орыс/ағылшын тілдерінің бірінде жазылып, көлемі 10 беттен аспауы керек);
  12. Ынталандыру хаты (қазақ/орыс/ағылшын тілдерінің бірінде жазылып, көлемі 250 сөзден аспауы керек, Times New Roman 14 шрифт, интервал 1,5);
  13. Алған сертификаттары мен дипломдарының, мақтау қағаздарының көшірмесі (егер бар болса).

Құжаттар Сәтбаев университетінің бейінді институттарындағы қабылдау комиссиясының докторантураға құжат қабылдайтын пункттеріне тапсырылады.

Орта немесе жоғары білімді шетелден оқып келген азаматтар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнына докторантураға түсетін болса, білім туралы құжатты алған біліміне сәйкес міндетті түрде мойындату (нострификация) рәсімінен өтуі керек. Шетелдік білім беру орындарынан алынған білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы территориясында тек халықаралық келісімдерге сәйкестендіріліп қана жүреді.

Ағылшын, қазақ және орыс тілдерінен түсу емтихандары тест түрінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының технологиялары бойынша тапсырылады. Докторантураға түскісі келетін үміткерлер ағылшын тілінен өз деңгейлерін көрсету үшін сұхбаттасу рәсімінен өтеді.

Тест ақысын төлеу үшін реквизиттер:

ҚР БжҒМ-нің РМҚМ «Ұлттық тестілеу орталығы»

010011, Астана қаласы, Победа даңғылы, 60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX, КБЕ 16

АҚ «Қазақстан Халық банкі».

Түсу емтихандарынан қанағаттанғысыз баға алған үміткерлер әрі қарайғы түсу емтихандарға жіберілмейді және тіркелмейді. Ол емтихандарды қайта тапсыруға да тыйым салынған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту