Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

Мемлекеттік гранттар конкурсы байқаудың шамамен өтетін күндері: 13–18 шілде 2020 ж.

Код Satbayev University: 029

Конкурста маусым айында тапсырылған ҰБТ сертификаты есепке алынады.

Мемлекеттік білім гранттарының конкурсы дегеніміз – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім гранттарын конкурсқа қатысушы үміткерлердің ҰБТ қорытындылары (маусым айындағы) бойынша бөлу. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысу үшін, университетте өтініш толтыру керек.

Конкурстың ең басты ерекшелігі – өтініште талапкер білім беру бағдарламаларының 4 тобын көрсете алады, сөйтіп мемлекеттік білім грантына ие болу мүмкіндігін жоғарылатады.

Мемлекеттік білім гранттарының конкурсына қатысу үшін берілетін өтініште талапкерлер мынадай үлгідегі кестені толтырады:

1 - Білім беру бағдарламаларының номері         ЖОО коды      
2 - Білім беру бағдарламаларының номері         ЖОО коды      
3 - Білім беру бағдарламаларының номері         ЖОО коды      
4 - Білім беру бағдарламаларының номері         ЖОО коды      

Бұл кестені толтыру үшін, сіз білім беру бағдарламаларын  таңдап аласыз да, оның қай топқа жататынын қарайсыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген баған).

Білім беру бағдарламаларын таңдау үшін, сіз ҰБТ-да тапсырған бейінді пәндер түймесіне басып, әрі қарай мына сілтемеге басасыз: https://satbayev.university/ru/undergraduate?specialties=2.

Мысалы, сіз Сәтбаев университетінің 4 білім беру бағдарламаларын ҰБТ-ның  Математика және Физика бейінді пәндері бойынша таңдап алдыңыз делік, сондай-ақ олардың қандай білім беру бағдарламаларының тобына жататынын білдіңіз. Мысалға, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Робототехника және Мехатроника, Ақпараттық қауіпсіздік, Электроника және электротехника таңдап алдыңыз.  Мұндай таңдау кезінде сіз толтырған кесте былайша болуы мүмкін:

1 - Білім беру бағдарламаларының номері B 0 5 7

ЖОО коды

0 2 9
2 - Білім беру бағдарламаларының номері B 0 6 4

ЖОО коды

0 2 9
3 - Білім беру бағдарламаларының номері B 0 5 8 ЖОО коды 0 2 9
4 - Білім беру бағдарламаларының номері B 0 6 3 ЖОО коды 0 2 9

Білім беру бағдарламаларының үлкен тобында бірнеше кіші бағдарлама болуы мүмкін екенін білген маңызды. Мемлекеттік білім грантына белгілі бір үлкен топ бойынша ие болған кезде, әрі қарай кіші топты таңдау сіздің құқыңызда болады.

Сәтбаев университетінде сондай-ақ бір емес, бірнеше топтан тұратын білім беру бағдарламалары бар. Мысалы, «Индустриалды инженерия» бағдарламасы.

Мұндай жағдайда сіз өтініште  «Индустриалды инженерия» мамандығы бар білім беру бағдарламаларының 1, 2 немесе 3 тобын да көрсете аласыз.  

Бірінші және екінші курста сіз «Индустриалды инженерия» білім беру бағдарламасының барлық оқыту жолдары бойынша негізгі базалық білім аласыз. Үшінші курсқа жақындағанда сіз кестеде бес жолда көрсетілген бағдарламаның біреуін таңдап, сол бойынша оқуды жалғастырасыз.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР

Мемлекеттік білім гранттары конкурсында «Сәулет және дизайн» бағдарламасын көрсету үшін, талапкер Сәтбаев университетінде шығармашылық емтихан тапсыруы керек. Шығармашылық емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін, мемлекеттік гранттар конкурсына қатысуға берілген өтініште сіз 1 ғана жоғары оқу орнының тек 1 ғана білім беру бағдарламалары тобын көрсете аласыз. Өтініш кестесіндегі қалған 3 жол бос қалады.

1 - Білім беру бағдарламаларының номері B 0 7 3 ЖОО коды 0 2 9
2 - Білім беру бағдарламаларының номері         ЖОО коды      
3 - Білім беру бағдарламаларының номері         ЖОО коды      
4 - Білім беру бағдарламаларының номері         ЖОО коды      
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту