Патенттік және ғылыми басылымдар кеңсесі

Проекты Satbayev University

Сәтбаев Университеті оқу орнының инновациялық кластері негізінде технологиялық кәсіпкерлікке белсенді түрде қолдау көрсетіп отыр. Университетте жобаларды коммерциялау жүйесі қалыптасқан, оның ішінде Технопарк пен Патенттік және ғылыми басылымдар кеңсесі бар.

Сәтбаев Университетінің Патенттік және ғылыми басылымдар кеңсесі университет технологияларын трансферттеуді жеңілдетеді, университет ғалымдарының бастамаларын қолдайды, сондай-ақ резидент-стартаптарға тәлімгерлік және сараптама қызметтерін ұсынады. Осылайша Кеңсе Сәтбаев Университетін инновациялар орталығына айналдыруға ықпал ете отырып, кәсіпкерлік ойлаудың дамуына, университеттің кәсіпкерлік моделін жүзеге асыруға үлес қосады.

Кеңсе ұсынатын негізгі қызметтер:

  • Университеттің студенттері мен қызметкерлеріне ақпараттық қолдау көрсету;
  • Зияткерлік меншікті қорғау саласы бойынша кеңес беру;
  • Зияткерлік меншік нысандарын патенттеу;
  • Лицензиялық келісімдер жасау.

Толығырақ мына телефон арқылы білуге болады: 8 (727) 292 55 40.

 

Сәтбаев университетінің ең үздік стартап-жобалары

3d печать

«Инновациялық алюминий қорытпаларын өндіру»

Жетекшісі: т.ғ.д. Смағулов Дәулетхан Улиялович

«Инновациялық алюминий қорытпаларын өндіру» жобасы Коммерцияландыру кеңсесінің көмегімен «Ғылым қоры» АҚ-нан гранттық қаржыландыруға ие болды. Жоба аясында жұмыс температурасы 300–3500С болатын жаңа деформацияланған алюминий қорытпасы жасалды. Плазмалық электролиттік тотығудың (ПЭТ) инновациялық технологиясы әзірленді және енгізілді. Наноқұрылымды керамикалық қорғаныс жабыны бар алюминий қорытпасынан жасалған электроорталықты сорғылардың жұмыс кезеңдерінің үлгілері алынды. Ашық дөңгелегі бар ықшам баспалдақтың дизайны жасалды. Патенттер тіркелді. Өнімділігі 420 қадам/жыл болатын тәжірибелік зертханалық ПЭТ қондырғысы жасалды.

 

«Рұқсат етілмеген қолданыстан сақтайтын құрылғы»

Жетекшісі: т.ғ. к. Сейлова Нұргүл Абадуллаевна

Бизнес-серіктес: «ТочПрибор» ЖШС

 «Рұқсат етілмеген қолданыстан сақтайтын құрылғы» жобасы Коммерцияландыру кеңсесінің көмегімен «Ғылым қоры» АҚ-нан гранттық қаржыландыруға ие болды.

Рұқсат етілмеген қолданыстан сақтайтын құрылғы (РЕҚСҚ) мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың құпия деректерінің қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады. РЕҚСҚ-ның артықшылығы – оның икемділігі мен әмбебаптылығы, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындардағы ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған уақыт пен ақшаны үнемдейтін қосымша төмен шығындар.

 

«Электромобильдерге арналған зарядты электростанция»

Жетекшісі: т. ғ. к. Утебаев Руслан Маратович

«PolyTech Electronics» ЖШС стартап-компаниясы құрылды.

«НАТР» АҚ-ның инновациялық грантын алу үшін Коммерциализация кеңсесі жобаны жан-жақты қолдап, көмек көрсетті. Байқау нәтижелері бойынша «НАТР» АҚ-ның комиссиясы жобаға гранттық қаржыландыру бөлу туралы шешім қабылдады.

Жоба электромобильдердің дамуына үлес қосатын зарядтау станциялары мен электроқозғалтқыштарға арналған портативті зарядтағыштар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған.

 

 

«SAVENERGY энергия үнемдейтін вакуумды жылу оқшаулағыш панельдерін өндіру»

Жетекшісі: PhD докторы Нұрлыбаев Руслан Ерғалиевич

«SAVENERGY» ЖШС стартап-компаниясы құрылды.

Бизнес-серіктестік: «ЕрнарСервис» ЖШС.

Коммерциализация кеңсесі Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беруге толық қолдау көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша «SAVENERGY» ЖШС жеңімпаз атанды және гранттық қаржыландырудың иегері деп танылды. «SAVENERGY» ЖШС отандық шикізат негізінде жылу өткізгіштік мәні төмен вакуумды жылу оқшаулағыш панельдерін шығарумен айналысады. Стартап-компания қолданатын жаңа технология 1 м2 қоршау құрылымдарының құнын 20%-ға төмендетуге, ғимараттың жылу қорғанысының сындарлы шешімдерін жасауға және жылу беру кезеңінде энергия шығынын 10 есеге азайтуға мүмкіндік береді. SAVENERGY компаниясының жылу оқшаулағыш панельдері «Мордовстройтест» сынақ орталығында (Ресей) және «Жаңа құрылыс материалдары мен технологиялары орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (Ресей) сынақтан өтті.

 

 

«Print3DHub»

Жетекшісі: Сүлеев Тимур

«Сулеев Т» ЖК стартап-компаниясы құрылды

Жобаның тұжырымдамасы: Қазақстанда пластмасса және металл бұйымдарын өндіруге арналған баламалы технологияларға негізделген алғашқы өндіріс орнын іске қосу. Болашақта «Print3DHub» компаниясы өз қызметін жеке бөлшектерді шығару жүйесінен бастап, адамның іс-әрекеттерінің қатысуынсыз, толық циклді өндірістік жүйеге дейін (сурет – дайын өнім) дамытуды жоспарлап отыр. Әртүрлі 3D принтерлер түрінде аддитивті технологияларды қолдану негізгі қызмет түрі болмақ.

 

«PrintOnLine»

Жетекшісі: Әділбеков Аймұрат

Стартап-компания әзірленуде

Жобаның мәні – арнайы жасалған веб-сайт арқылы қажетті материалды басып шығаруға онлайн-тапсырыс беру қағидаты бойынша жұмыс істейтін баспа орталығын ұйымдастыру. Тапсырыс бергеннен кейін клиент өзінің тапсырысын белгіленген уақытта алады. «PrintOnLine» қызметі студенттерге қажетті қызметті уақытында және ешқандай кезек күтпей-ақ алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қажетті сайт жасалды және қажетті жабдықты сатып алуға қаражат бөлуге дайын демеуші де табылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту