Түсу туралы толық ақпарат

Сәтбаев университетінің қашықтықтан екінші жоғары білім беру бағдарламасына түсу

Бірінші қадам. Онлайн-тіркелу

Сіз Сәтбаев университетінің білім беру үдерісімен танысу үшін онлайн-нұсқауларына қол жеткізу үшін тіркелуге тиістісіз. Онлайн-тіркелуді үйде отырып та немесе қабылдау комиссиясына келіп те жасауға болады.

Тіркелу kb.satbayev.university сайтында жүргізіледі.

Екінші қадам. Құжаттарды тапсыру

Сәтбаев университетінің қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттарды тапсыру керек:

  1. Бакалавр, колледж немесе техникум дипломы, үш тілде жазылған қосымшамен бірге болу керек;
  2. 3х4 көлемді екі фотосурет;
  3. 086-У үлгідегі медициналық анықтама флюорография нәтижесімен бірге болу керек;
  4. Жеке куәлігінің көшірмесі
  5. ҰБТ сертификаты.

Шетелдік азаматтар және ҚР бейрезиденттері міндетті түрде тапсырулары керек:

  1. Қазақстан Республикасының ЖСН (ИИН) берілгені жөніндегі куәліктің көшірмесі;
  2. Шетелдік дипломды нострификация рәсімінен өткізгені туралы қолхаттың көшірмесі;
  3. Паспорттың қазақ немесе орыс тіліне аударылып, нотариат арқылы заңдастырылған көшірмесі;
  4. Дипломның қазақ немесе орыс тіліне аударылып, нотариат арқылы заңдастырылған көшірмесі.

Үшінші қадам. Өтініш толтыру

Өтініш міндетті түрде қабылдау комиссиясында техникалық төрағаның көмегімен толтырылады.

Соңғы қадам. Сұхбаттасу

Өтініш толтырып болғаннан кейін қабылдау комиссиясында сұхбаттасу уақытын белгілейсіз. Сұхбаттасудан сәтті өтсеңіз, сіз Сәтбаев университетіне қабылданасыз! 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту