Автоматтандыру және басқару
Солға қарай айналдырыңыз
| Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
| В063 Электротехника және автоматтандыру | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
«Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы автоматтандыру және басқару салалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлауға арналған. Бағдарлама өндірістік процестерді автоматтандырудың заманауи технологияларын, интеллектуалды жүйелерді, өнеркәсіпті цифрландыруды және роботтандырылған кешендерді зерделеуге бағытталған.
Бағдарлама өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау, енгізу, пайдалану және техникалық сүйемелдеу бойынша барлық негізгі аспектілерді қамтиды.
Пәндердің мазмұны өнеркәсіптік автоматтандыру, кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау салаларындағы заманауи үрдістерді және индустрияның қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген. Бағдарлама объектіге бағытталған бағдарламалау, басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер, PLC бағдарламалау, автоматтандыру жүйелерін компьютерлік модельдеу, цифрлық автоматика функционалдық тораптары, өнеркәсіптік желілер мен интерфейстер, SCADA-жүйелері, таратылған басқару жүйелері, өнеркәсіптік заттар интернеті (IIoT) және өнеркәсіпті цифрландыру, автоматтандырудағы нейрожелілік технологиялар, басқару жүйелерін модельдеу және сәйкестендіру, ERP және MES жүйелері сияқты пәндерді, сондай-ақ басқа да бейіндік курстарды қамтиды.
Сіз:
— технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлейсіз, енгізесіз, сынақтан өткізесіз және пайдаланасыз;
— әртүрлі мақсаттағы өнеркәсіптік нысандарды автоматтандыру және басқару жүйелерін жобалайсыз;
— өнеркәсіптік контроллерлерді, SCADA-жүйелерін және интеллектуалды басқару жүйелерін бағдарламалайсыз;
— өндірістің тиімділігін арттыру үшін цифрландырудың, өнеркәсіптік заттар интернетінің және деректерді талдаудың заманауи технологияларын қолданасыз;
— автоматтандырылған өндірістік кешендерді пайдалану, қызмет көрсету, диагностикалау және жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз етесіз;
— технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру саласындағы заманауи үрдістерді меңгересіз.
«Автоматтандыру және басқару» бағдарламасы үш мамандану бағытын қамтиды:
Automation & Control бағыты автоматтандырылған басқару жүйелерін құру, өнеркәсіптік желілер мен интерфейстерді жобалау, атқарушы құрылғыларды интеграциялау, SCADA-жүйелерін әзірлеу, PLC-контроллерлерін бағдарламалау және өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру мәселелеріне арналған.
Industrial Automation бағыты технологиялық процестерді интеллектуалды басқару жүйелерін, таратылған басқару жүйелерін, роботтандырылған кешендерді және өндірісті мониторингтеу мен диспетчерлеудің заманауи құралдарын әзірлеу және пайдалану аспектілерін қамтиды.
Smart Manufacturing & Industrial Digitalization бағыты өнеркәсіптік нысандардың тиімділігін, қауіпсіздігін және тұрақтылығын арттыру мақсатында IIoT технологияларын, автоматтандырудағы нейрожелілік әдістерді, компьютерлік модельдеу мен өндірістік процестерді талдауды қолдануға бағытталған.
Оқу барысында студенттер Schneider Electric, Process Automation, Siemens Kazakhstan, Honeywell, Verbulak, Advantec, Қазатомөнеркәсіп, Kaz Minerals, Казцинк, Қазфосфат, Karachaganak Petroleum Operating және өндірістік процестерді автоматтандыру саласындағы басқа да жобалау-енгізу компанияларында өндірістік практикадан өтеді.
Бағдарлама түлектері әртүрлі өнеркәсіп салаларында автоматтандырылған басқару жүйелері мен роботтандырылған технологиялық кешендердің техникалық құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау жөніндегі инженерлер ретінде жұмыс істейді. Олар мұнай-газ, тау-кен өндіру, металлургия, энергетика, химия және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында, сондай-ақ жобалау, ғылыми-зерттеу және инжинирингтік ұйымдарда жоғары сұранысқа ие.



