Сәулет және құрылыстағы BIM-технологиялар
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    4. «Оқу траекториясы» деген бағандағы код номерін қолдану қажет емес. Ол өткен жылғы мамандықтардың код номерлерін (2019 жылға дейін) білім беру бағдарламаларының жаңа код номерімен («Білім беру бағдарламаларының тобы» деген баған) салыстыру үшін және сізге ыңғайлы болу үшін келтірілген.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M122 Сәулет

Сәулеттік типология

Қала құрылысының негіздері

M124 Құрылыс

Құрылыс материалдары

Құрылыс өндірісінің технологиясы 1

BIM-технологиялар бойынша мамандандырылған жобалау ұйымдарында, облыстық және аудандық әкімдіктерде, қалалық және облыстық деңгейдегі сәулет және қала құрылысы жобаларын басқару саласына қажетті кадрларды даярлау.

BIM саласындағы мамандар BIM ақпараттық модельдеудің заманауи ортасында инженерлік жүйелер мен желілерді, қала құрылысы және сәулет нысандарын әзірлейді, сәулет және қала құрылысы органдарында әкімшілік-басқару қызметін жүзеге асырады (жобалау BIM-менеджмент).

BIM-жобалау – құрылыс жобасына сәулетшінің әзірлемелері ғана емес, сонымен қатар мамандардың тұтас тобы жұмысының нәтижелері де қаланатын жобалаудың жаңа тәсілі. Өзара байланысты деректердің үлкен массиві 3D-модельге айналады және нақты уақыт режимінде өңделеді, бұл сәулетші мен оның командасына жаңа деңгейде жоба бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді және ғимаратты жобалаудың барлық тәсілін түбегейлі өзгертеді.

Болашақ магистрлер ғимараттардың, ландшафтық және қала құрылысы объектілерінің, сәулет ескерткіштерінің, олардың конструктивтік және инженерлік бөліктерінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу саласында кешенді білім алады. Студенттер ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін заманауи компьютерлік технологиялар мен менеджмент құралдарымен жобалау мәселелерін шешуді, кешенді ақпаратты өңдеу мен түсіндірудің заманауи әдістерін пайдалана отырып, есептерді жүргізуді үйренеді.

Сіз энергиялық тиімді қала құрылысы әдістерін практикалық қызметте қолдануды, «белсенді», мультикомфорттық және «ақылды» үйлерді жобалауды, жердің сейсмикалық белсенді аудандарында құрылыстарды жобалауды, Autodesk Revit және Autodesk Dynamo сияқты бағдарламаларды және т.б. үйренесіз.

Satbayev University – Қазақстандағы BIM-технологиялардың көшбасшысы, болашақ сәулетшілерді оқытуға ақпараттық модельдеудің қазіргі заманғы технологияларын енгізудің бастамашысы, «Сандық Қазақстан: сәулет және құрылыстағы BIM-технологиялар» Бірінші Халықаралық инновациялық форумының ұйымдастырушысы. Оқытушылардың көпшілігі мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі мол және танымал маман-сәулетші болып табылады.

Бағдарлама Т.К.Бәсенов атындағы Сәулет, құрылыс және энергетика институтының жұмыс берушілері кеңесімен бірлесіп жасалды. Өндірістік тәжірибе Алматы қаласының «KAZGOR» Жобалау академиясы, «Алматыгипрогор», «Урбостиль» және т. б. секілді жетекші жобалау ұйымдарында өтеді. Білім алу барысында студенттер халықаралық конкурстарға қатысады және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша Италия, Польша, Малайзия университеттерінде білім алады.

Түлектер «Техника және технология магистрі» дәрежесін алады, диплом Еуропалық комиссия, Еуропа кеңесі және ЮНЕСКО/СЕПЕС стандарты бойынша қосымшамен беріледі. Дипломға еуропалық қосымша ағылшын тілінде жеке сұраныс бойынша толтырылады және тегін беріледі.

BIM-технологиялар саласындағы мамандар сәулет саласында үлкен сұранысқа ие, олар жоғары ақы төленетін және басшылық позицияларда жұмыс істейді, жобалаушы, жобалау жұмыстарының менеджерлері ретінде жұмыс істейді.