Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

5В072000 (6М072000) – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы ҚР Ұлттық аккредитациялау және рейтинг агенттігімен аккредиттелген және Сәтбаев Университетінде оқытылатын сұранысқа ие болып отырған мамандықтардың бірі болып табылады. Оқыту ерекшелігі «Ядролық химиялық инженерия» мамандығы бойынша «Қазатомпром» ҰАК кәсіпорындары үшін техникалық кадрларды дайындау болып табылады.

Білім алушылар үшін, академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарында 1-2 семестр білім алуға мүмкіндік беретін және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін, түлектердің кәсіби құзыреттілігі мен жоғары мәдени деңгейін қамтамасыз ететін шетел тілдерінің ішіндегі біреуін терең меңгеру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл мамандықтың түлектері  Қазақстандағы өнеркәсіптердің химиялық мекемелерінде және компанияларында,  сондай-ақ «ҚазАзот», «Қазатомпром», «Қазфосфат» мекемелерінде жетекшілік және инженер-техникалық лауазымдарда еңбек етеді.

Білім беру бағдарламасын табысты аяқтағаннан кейін түлектерге 5В072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бакалавр түлектері магистр атағын алу үшін, оқу мерзімі 1,5 жыл - профильді магистратура, 2 жыл - ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыра алады.