Computation in Chemical and Biochemical Engineering
Деңгейі

Бағдарламаның мақсаттары мамандықты құрудың мақсаты -  химиялық және биохимиялық ғылымдар, ақпараттық технологиялар және компьютерлік ғылымдар саласы бойынша үлкен мамандар шоғырына , болашақтың негізгі технологиясы болып табылатын – жасанды интеллект технологиясын химиялық және биохимиялық өнеркәсіптердің халықаралық нарығында , сондай ақ АТ саласында,  ажырату үшін тиімді болып саналатын құнды білімдерді меңгерген мамандар дайындау;

Олар, химиялық және биохимиялық бағытта қолданылатын жасанды интеллект және жасанды интеллектің негізгі әдістерін, машиналық оқудың математикалық негіздерін қарапайым мысалдар арқылы меңгереді. Бұл бағыттың негізгі міндеті –химиялық және биохимиялық инженерияда, есептеуіш машиналардың көмегімен интелектуалдық қызметті модельдеу. Курсты бітірген кезде түлектер, машиналық оқудың алгоритмін, өз мақсаттарына (теориялық және қолданбалы) қолдана алуды біледі. Магистратураның толық курсын жақсы меңгерген жағдайда, түлектерге «техника ғылымының магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.

Білім беру бағдарламасы химия, биохимия, математика және жасанды интеллект бойынша негізгі БІД-ды дамытуды қамтиды. Түлектер Data Science, Data Engineering, Quantitative Analysis (Python тілдерінде) және математика салаларында қажетті барлық дерлік дағдыларды меңгеріп, оларды химиялық және биохимиялық инженерияда қолдану мүмкіндігіне ие болады.

Оқыту, белсенді ғылыми- зерттеу жұмыстар жүргізуді, ғылым салаларындағы жетекші мамандардың басшылық етуімен ғылыми жобаларға қатысуды және жетекші шетелдік білім және ғылым ұйымдарымен ынтымақтасып жұмыс жасауды талап етеді. Магистранттар үшін, арнайы шақыртылған шетелдік профессорлар (АҚШ, Туркия, Малайзия,т.б) дәріс оқи алады.

Бағдарлама кәсіби қызметтің мынадай салаларына бағытталған:

  • химиялық және биохимиялық инженериядағы деректерді талдау,
  • химиялық және биохимиялық инженерияда машиналық оқыту,
  • химиялық және биохимиялық инженериядағы жасанды интеллект.