Ақпарат:

Computer Science & AI Engineering

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В057 Ақпараттық технологиялар Математика - Информатика
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
Білім беру бағдарламалары тобы
computer-science-ai-engineering
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

«Computer Science & AI Engineering» білім беру бағдарламасы бағдарламалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, жасанды интеллект және деректерді талдау салаларында мамандар даярлауға бағытталған. Бағдарлама Computer Science саласындағы іргелі білімді заманауи IT бағыттарымен және тәжірибеге бағытталған дайындықпен ұштастырады.

«Computer Science & AI Engineering» білім беру бағдарламасының мақсаты – жасанды интеллект әдістері мен компьютерлік ғылымдардың заманауи тәсілдері негізінде күрделі инженерлік және қолданбалы міндеттерді шеше алатын интеллектуалды бағдарламалық-аппараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу саласында жоғары білікті мамандар даярлау.

Білім беру бағдарламасы аясында келесі пәндер оқытылады: «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері», «Web-қосымшаларды әзірлеу I», «Web-қосымшаларды әзірлеу II», «Алгоритмдер және деректер құрылымдары I», «Алгоритмдер және деректер құрылымдары II», «Объектіге бағытталған талдау және жобалау», «Жүйелік бағдарламалау», «Деректер базасының негіздері», «Деректер базасының технологиялары», «Операциялық жүйелер», «Компьютерлік желілер», «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау», «Зияткерлік меншік құқықтарын құқықтық реттеу», «Жасанды интеллект негіздері», «Инклюзивті мәдениеттегі ESG қағидаттары», «Қазақстандағы тұрақты даму және ESG жобалары», «Компьютерлік графика», «UI/UX-дизайн», «Кеңейтілген және виртуалды шындық технологиялары», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу», «Функционалдық бағдарламалау».

Сіз:

  • бағдарламалық қамтамасыз ету мен цифрлық сервистерді әзірлейсіз;
  • веб және мобильді қосымшаларды жасайсыз;
  • жасанды интеллект пен деректерді талдау технологияларын қолданасыз;
  • деректер базаларымен және бұлттық платформалармен жұмыс істейсіз;
  • бағдарламалық жүйелерді жобалап, тестілейсіз;
  • бизнес пен индустрияға арналған заманауи IT-шешімдерді әзірлейсіз.

Білім беру бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласында екі бағыт бойынша мамандар даярлауды қарастырады:

  • Бағдарламалық инженерия. Кең бейінді бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілерін даярлау. Бағдарлама бағдарламалау парадигмалары мен операциялық жүйелерді меңгеруді, сондай-ақ әртүрлі платформаларға арналған бағдарламалық өнімдерді жобалау және әзірлеу дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
  • Жасанды интеллект. Деректерді талдау және интеллектуалды жүйелер саласындағы мамандарды даярлау. Бағдарлама деректерді талдаудың заманауи модельдері мен әдістерін, үлкен көлемдегі деректерді алу және өңдеу құралдарын, жіктеу және регрессия міндеттерін шешуге арналған жасанды нейрондық желілерді қолдануды, сондай-ақ жасанды интеллект әдістері мен алгоритмдерін меңгеруді қамтамасыз етеді.

Оқу барысында студенттер банк құрылымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және IT-компанияларда өндірістік тәжірибеден өтеді. Тәжірибе базалары ретінде Kaspi Bank, Halyk Bank, Отбасы Банк, Suretter Software және IT секторының басқа да жетекші ұйымдары қызмет етеді.

Бағдарлама түлектері бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері, AI-инженерлер, Backend, Frontend және Full Stack әзірлеушілер, Data-инженерлер және басқа да IT мамандары ретінде IT-компанияларда, банктерде, финтех ұйымдарында және әртүрлі компаниялардың цифрлық бөлімшелерінде жұмыс істейді. Олар бағдарламалық жүйелерді, интеллектуалды ақпараттық жүйелерді, деректерді өңдеу платформаларын, веб және мобильді қосымшаларды, сондай-ақ заманауи цифрлық технологиялар мен IT-инфрақұрылымды әзірлеумен айналысады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту