Іскерлік әкімшілік

Жеке кәсіпорындарда әкімшілік-өндірістік үрдістерді басқару және бақылау жасау саласына қажетті мамандарды даярлайды. Бағдарлама компанияның стратегиялық және қаржылық дамуына басшылық жасауды, сондай-ақ бизнесті басқаруға қажетті басқа да практикалық әдістерді үйреніп шығатын әмбебап менеджерлерді даярлайды. Оқу үрдісінде негізгі басымдылық қазіргі заманғы менеджменттің өзекті мәселелерін оқып-білуге жасалады.

Менеджмент, маркетинг және қаржы басқару, стратегия, этика, бизнес саясаты саласына қажетті білім алған түлектер орта және жоғары звеноның бастығы қызметін атқара алады.  

Біздің түлектер экономиканың тек бір ғана саласында емес, кез келген кәсіби салада қызмет етуге қабілетті. Олар мемлекеттік және коммерциялық компанияларда, экспертті-консалтингтік ұйымдарда, маркетингтік зерттеу орталықтарында, ғылыми жобалау ұйымдарында директор, кадр бастығы, маркетинг директоры қызмет атқарады.

Түлектер іскерлік әкімшілік магистрі мамандығы бойынша диссертация қорғайды, бұл – студенттің жеке зерттеу жұмысы, студент жұмыс істейтін компанияның басқару мәселелері мен бизнес-аспектілеріне негізделеді. «Іскерлік әкімшілік» саласы бойынша магистерлік бағдарламаны тәмамдаған түлектер МВА дәрежесін алып шығады.