Дизайн
Оқу жолдары

  Солға қарай айналдырыңыз

ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру мамандықтарының классификаторы бойынша оқыту жолдары Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
5В042100 Дизайн В031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн Шығармашылық емтихан
Бағасы
830 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    4. «Оқу траекториясы» деген бағандағы код номерін қолдану қажет емес. Ол өткен жылғы мамандықтардың код номерлерін (2019 жылға дейін) білім беру бағдарламаларының жаңа код номерімен («Білім беру бағдарламаларының тобы» деген баған) салыстыру үшін және сізге ыңғайлы болу үшін келтірілген.

    Толығырақ

Дизайн, ландшафтық дизайн, сәулет ортасының дизайны саласында жобалау жұмысы саласында кадрлар даярлау.

Болашақ бакалаврлар дизайн саласында кешенді білім алады. Студенттерге графиканың әртүрлі түрлері, академиялық сурет салу, кескіндеме модельдеу, үш өлшемді компьютерлік модельдеу, сәулеттік-ландшафтық дизайн пәндері оқытылады.

Осылайша, олар жобалық үлгі жасау, ландшафт және графикалық дизайн, интерьер сондай-ақ жобалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін өндірістік және техникалық шешімдер қабылдау туралы білім алады.

Түлектер дизайн объектілері мен қоршаған ортаның мәнмәтінін талдай алады, көлемді-кеңістіктік объектілерді модельдейді, жаңа объектілерді, ландшафттар мен кеңістіктерді, экспозицияларды, интерьерлерді, жарнаманы, өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы заттарды жасай алады.

Сіз қалалық, ауылдық және саябақ ансамблдерін сәулет және дизайн нысандары мен оларға енгізілген инженерлік құрылымдар; тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістігі, соның ішінде бөлмелерді безендіру; жерасты қоғамдық ғимараттары мен интерьерлер қалай құруды үйренесіз.

Көптеген мұғалімдер өз салаларында ауқымды практикалық тәжірибеге ие және мамандар ретінде танылады.

1, 2-ші курстарда  арнайы байқаудан өткен студенттерге арналған оқу тәжірибесі Самарқанд қаласында (Өзбекстан), Баку қаласында (Әзірбайжан) өтеді. Жоғары курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша бір семестрде Италия, Польша, Малайзия және т.б. университеттерінде оқуға мүмкіндік алады.

Тәжірибе Алматы қаласының жетекші жобалау ұйымдарында, мысалы, «KAZGOR» жобалық академиясы, «Алматыгенплан», «Алматыгипрогор», «Урбостиль» және т.б. өтеді. Оқу барысында студенттер халықаралық кәсіби жарыстарға қатысады.

Түлектер «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша «Техника және технологиялар бакалавры» біліктілігін алады олар дизайнерлер, ландшафт дизайнерлері, дизайнерлер, суретшілерретінде жұмыс істейді. Оқудың басымдылығы – практикалық қызмет, тұрғын үй және қоғамдық нысандарды жобалау, қаланы жоспарлау.

Сәулет ортасының сәулетшілері мен дизайнерлері бүгінгі күнде талап етіледі. Олар жоғары ақы төленетін сәулетшілер, қалалық жоспарлаушылар ретінде жұмыс істейді және тәуелсіз Қазақстанның жаңа көрінісі қалыптастыратын жеке сәулет мекемелерінде және элиталық құрылыс компанияларында жұмыс істей алады.

Оқу мерзімі – 5 жыл.