Фармацевтикалық инженерия
Солға қарай айналдырыңыз
| Білім беру бағдарламаларының тобы | КТ элементтері |
| M119 Фармацевтика өндірісінің технологиясы | Өнеркәсіптік дәрі-дәрмек технологиясы - Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
«Фармацевтикалық инженерия» пәнаралық білім беру бағдарламасы фармацевтикалық және биотехнологиялық өнеркәсіп үшін техникалық ғылымдар магистрлерін даярлауға бағытталған. Бағдарлама инженерия, фармацевтикалық технологиялар, сапаны басқару, цифрлық технологиялар және тұрақты даму салалары бойынша білімдерді біріктіре отырып, заманауи өндірістік және ғылыми-технологиялық міндеттерді тиімді шеше алатын мамандарды даярлап шығарады.
Білім беру бағдарламасы фармацевтикалық өндірістерді әзірлеу мен ұйымдастыру жөніндегі инженерлік тәсілді математикалық модельдеудің, деректерді талдаудың, цифрландыру мен технологиялық процестерді автоматтандырудың заманауи әдістерімен ұштастырады. Әсіресе GMP халықаралық стандарттарын енгізуге, сапаны қамтамасыз ету жүйелеріне, тәуекелдерді басқаруға, өндірістік процестер мен жабдықтарды валидациялауға, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Сіздер фармацевтикалық инженерияның заманауи бағыттарын, соның ішінде синтетикалық, биотехнологиялық және өсімдік тектес дәрілік заттарды өндіру технологияларын, фармацевтикалық сапа жүйелерін, тәуекелдерді басқаруды, процестерді валидациялауды және жабдықтарды біліктендіруді, нормативтік-құқықтық реттеуді, сондай-ақ халықаралық GMP талаптарын үйреніп шығасыздар. Фармацевтикалық өндірістерді инженерлік жобалауға, дәрілік заттарды жеткізу жүйелеріне, сапаны бақылауға және фармацевтикалық өндірістегі аналитикалық әдістер мен цифрлық технологияларға ерекше назар аударылады.
Сіздер дәрілік заттарды жасаудың технологиялық процестерін әзірлеуді, оңтайландыру мен масштабтау әдістерін меңгеріп шығасыздар, өндірістік процестер мен аналитикалық әдістемелерді валидациялауды, сапаны қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін және фармацевтикалық кәсіпорындарды басқаруды үйренесіздер. Оқу барысында технологиялық жабдықтармен, зертханалық қондырғылармен, бақылау-өлшеу аспаптарымен, сондай-ақ деректерді талдаудың, математикалық модельдеудің және Data Science саласындағы заманауи бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын игеріп шығасыздар.
Бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеу және педагогикалық практика, магистрлік диссертацияны орындау, фармацевтикалық өнеркәсіптің өзекті мәселелерін шешуге және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған ғылыми зерттеулер мен қолданбалы жобаларға қатысу жұмыстары қарастырылған.
Бағдарлама түлектері фармацевтикалық және биотехнологиялық өнеркәсіп орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, дәрілік заттарды әзірлеу орталықтарында, сапаны бақылау зертханаларында, реттеуші ұйымдарда және жоғары оқу орындарында жоғары сұранысқа ие болады. Олар фармацевтикалық өндірістің инженер-технологтары, сапаны қамтамасыз ету және GMP бойынша мамандар, жабдықтарды валидациялау және біліктендіру жөніндегі сарапшылар, дәрілік заттарды тіркеу бойынша мамандар, фармацевтикалық өндірістерді жобалау инженерлері, R&D мамандары, сапа жүйелері бойынша аудиторлар, ғылыми қызметкерлер және жоғары мектептің оқытушылары ретінде қызмет ете алады.



