Ақпарат:

Газтурбиналық қондырғылар және компрессорлық станциялар

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В062 Электротехника және энергетика Математика - Физика
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
gazoturbinnye-ustanovki-i-kompressornye-stantsii
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

«Газтурбиналық қондырғылар және компрессорлық станциялар» білім беру бағдарламасы энергетика, мұнай-газ және газ тасымалдау салаларына қажетті инженерлік мамандар даярлауға бағытталған. Бағдарлама газтурбиналық және компрессорлық жабдықтармен жұмыс істеудің толық циклін қамтиды – жобалау мен инженерлік есептеулерден бастап, пайдалану, диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына дейін. Әсіресе энергетикалық жүйелердің сенімділігіне, өнеркәсіптік қауіпсіздікке, энергия тиімділікке және заманауи цифрлық технологияларды инженерлік практикаға енгізуге ерекше назар аударылады.

Бағдарлама классикалық инженерлік даярлық ісін өнеркәсіптік процестерді автоматтандыру және цифрландырудың заманауи тәсілдерімен ұштастырады. Студенттер компьютерлік модельдеу әдістерін, автоматты басқару жүйелерін, жабдықтардың техникалық жағдайына мониторинг жүргізу технологияларын және инженерлік жүйелердегі жасанды интеллект негіздерін оқып үйренеді. Сонымен қатар бағдарламаның маңызды ерекшеліктерінің бірі – энергетика және мұнай-газ секторы кәсіпорындарының нақты өндірістік жабдықтары базасында тәжірибеге бағытталған оқыту болып табылады.

Сіздер газ және бу турбиналарын, газ айдау станцияларын, турбокомпрессорларды есептеу мен модельдеуді, газтурбиналық қондырғыларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді, өндірістерді автоматтандыру негіздерін және энергия ресурстарын үнемдеу технологияларын оқып үйренесіздер. Сонымен қатар өнеркәсіптік жабдықтардың техникалық жағдайына диагностика жүргізуді, инженерлік есептеулер орындауды және энергетикалық жүйелерге арналған жабдықтарды таңдауды, турбомашиналар мен компрессорлық қондырғылардың компьютерлік модельдерін әзірлеу мен оларды дұрыс қолдануды, жабдықтарды жобалау мен оларға қызмет көрсетуді, өндіріс орындарында өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, нормативтік-техникалық құжаттамамен және инженерлік стандарттармен жұмыс істеуді меңгеріп шығасыздар.

Бағдарлама мұнай-газ, энергетика және машина жасау салаларының кәсіпорындарында, соның ішінде компрессорлық станцияларда, газ тасымалдаушы компанияларда және сервистік ұйымдарда оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтуді қарастырады. Студенттер заманауи өнеркәсіптік жабдықтармен, автоматтандыру жүйелерімен, диагностика құралдарымен және инженерлік модельдеу бағдарламаларымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеріп шығады.

Түлектер мұнай-газ өнеркәсібінде, энергетика саласында, газ тасымалдау және сервистік компанияларда, машина жасау ісінде, сондай-ақ жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдарда жоғары сұранысқа ие болады. Олар газтурбиналық қондырғыларды пайдалану инженері, компрессорлық станция инженері, жабдықтарды диагностикалау және автоматтандыру инженері, инженер-механик, техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманы, өнеркәсіптік қауіпсіздік инженері, жобалаушы инженер және техникалық аудитор болып жұмыс істей алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту