Геодезия
Уровень
Шифр
6D071100
Телефон

Қала құрылысы жоспарлары мен бағдарламаларын, жобаларын, өнеркәсіп орындары жұмыстарын ақпаратпен қамтамасыз етуге қажетті картограф-мамандарды даярлайды. Бұл салада технологияның жаңа деңгейіне көтеріліп, келешекте сұранысқа ие болатын маңызы зор мамандықтардың бірі – спутниктік навигация, сандық картография, аэрокосмостық технологиялар және Жерді қашықтықтан бақылап, тексеру.

Оқу бітірген түлектердің атқаратын қызметі: объектілердің тұрған жерін анықтау және белгілі бір кеңістік пен уақыт аралығында оларды басқару, геодезиялық қамтамасыз ету жолдарының қазіргі заманғы технологияларын жасап шығару, әртүрлі масштабтағы және әртүрлі мақсаттағы сандық карталарды, тағы басқа да картографияларды жасау.

Түлектер қала құрылысы жоспарлары мен бағдарламаларын, жобаларын ақпаратпен қамтамасыз етуге қажетті әдістер мен топографиялық-геодезиялық жұмыстардың тәсілдері туралы терең білім алып шығады.

Сонымен қатар түлектер геодезиялық желілерді орнату және дамыту жолдарын, GPS-қабылдағыштарды қолдана отырып түсірілім жасауды, карталар мен жоспарларды жасап, үнемі жаңартып отыруды, геологиялық барлау кезінде, құрылыс нысандарында және әртүрлі ғимараттар мен нысандарды қайтадан қалпына келтіру кезінде геодезиялық жұмыстар жүргізуді үйреніп шығады, сондай-ақ геоақпараттық жүйелер және технологиялармен айналысу барысында командалық топта жұмыс жасауды үйренеді.

Оқудың артықшылығы:

  • Шетелдік жетекші эксперттер өткізетін семинарлар, шеберлік сағаттары, тренинг;
  • Виртуалды ақиқат тақырыбына бағытталған жобаларға қатысу мүмкіндігі;
  • Шетелде тағылымдамадан өту.
Біздің түлектер жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктерде, жобалау институттарында, қалалық коммуналды шаруашылықтарда, құрылыс компанияларында және мұнай-газ саласына қатысты кәсіпорындарда еңбек ете алады.