Ақпарат:

Green Construction

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы КТ элементтері
M124 Құрылыс Құрылыс материалдары - Құрылыс өндірісінің технологиясы
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
Білім беру бағдарламалары тобы
green-construction
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Бұл – экологиялық таза, тұрақты құрылыс, жобалау және заманауи құрылыс материалдарын өндіру саласына қажетті жаңа буын мамандарды даярлауға бағытталған заманауи пәнаралық бағдарлама. Бағдарлама іргелі инженерлік дайындықты экологиялық және энергия тиімді құрылыс, BIM-модельдеу және құрылыс жобаларын басқару ісінің заманауи тәсілдерімен ұштастырады. Пәндердің мазмұны халықаралық және қазақстандық соңғы стандарттар мен заманауи құрылыс технологияларын ескере отырып әзірленген.

Бағдарлама аясында BIM-технологияларды, цифрлық құралдарды және инновациялық құрылыс материалдарын қолдана отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, есептеу және оларды пайдаланудың заманауи әдістері оқытылады. Студенттер математикалық модельдеуді, ғылыми зерттеулердің негіздерін, серпімділік пен пластикалылық теориясын, соңғы элементтер әдісін, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмотұрақтылығы, заманауи бетондар, инновациялық технологиялар мен жобаларды басқару пәндерін меңгеріп шығады.

Сондай-ақ студенттер экологиялық талаптар мен энергия тиімділігін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, құрылыс саласына инновациялық және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізуді, әрі жобалау және инженерлік командалардың жұмысын басқаруды үйренеді. Әсіресе тұрақты даму, ғимараттарда көміртек ізін азайту, құрылыстардың климатқа бейімделуі, объектілердің өмірлік циклін бағалау және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Сіздер болашақ ғимараттың құрылымын есептеп қана қоймай, оның көміртек ізі мен энергия тұтынуын да есептеуді үйреніп шығасыздар.

Бағдарлама ғылыми-зерттеу жұмыстарын, педагогикалық практиканы және Revit, AutoCAD, LIRA-SAPR және Sofistik сияқты заманауи бағдарламалық кешендерді меңгеруді де қарастырады. Сонымен қатар студенттер нормативтік құжаттамамен жұмыс істеуді, инженерлік есептеулер жүргізуді, құрылыс процестерін модельдеу және құрылыс шешімдерінің тиімділігін бағалау дағдыларын меңгеріп шығады.

Түлектер техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алып шығып, құрылыс және жобалау компанияларында, ғылыми-зерттеу институттарында, өндіріс орындарында және білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. Олар жобалаушы инженер, конструктор-инженер, BIM-модельдеу бойынша маман, инженер-технолог, құрылыс өнімдерінің сапасы бойынша маман, ғылыми қызметкер, жоғары оқу орындарында оқытушы және құрылыс ұйымдарының басшысы ретінде қызмет атқара алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту