Мұнай-газ индустриясындағы инновациялық технологиялар
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Бағдарлама мұнай-газ индустриясындағы озық технологияларды әзірлеу және енгізу, өндірістік процестерді цифрлық трансформациялау саласында, технологиялық жобаларды басқаруға және мұнай-газ секторы кәсіпорындарының тиімділігін арттыруға қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
Оқу бағдарламасының ұзақтығы – 3 жыл, түлектерге индустриялық докторы дәрежесі беріледі. Білім беру бейіндік (индустриялық) бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Білім алушылар мұнай және газ кен орындарын барлау, игеру және пайдалану саласындағы инновациялық технологиялар, өндірісті басқарудың интеллектуалды жүйелері, цифрлық модельдеу, технологиялық процестерді автоматтандыру, қабаттардың мұнай беруін арттыру, өндіруге қиын қорларды игеру, сондай-ақ өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары бойынша тереңдетілген білім алады.
Оқыту әлемнің жетекші мұнай-газ компанияларында қолданылатын заманауи бағдарламалық кешендер мен цифрлық платформаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Олардың қатарында Petrel, Eclipse, Techlog, CMG, OLGA, Pipesim, Aspen HYSYS, MATLAB және басқа да мамандандырылған бағдарламалық өнімдер бар. Бағдарламада өндірістік процестерге инновациялық шешімдерді енгізу, технологиялық кәсіпкерлік және кәсіпорындардың цифрлық трансформациясын басқару дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.
Бағдарлама әлемдік озық тәжірибе мен заманауи салалық технологияларды меңгеру мақсатында жетекші шетелдік университеттерде, ғылыми-технологиялық орталықтарда және халықаралық мұнай-газ компанияларында кәсіби тағылымдамалардан өтуді қарастырады. Оқу барысында білім алушылар нақты индустриялық жобаларға қатысып, мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін шешу және кәсіпорындарда заманауи инженерлік шешімдерді енгізу бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгереді.
Түлектер мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану жөніндегі инженерлер, инженер-технологтар, өндірістік процестер жөніндегі мамандар, цифрландыру және автоматтандыру инженерлері, техникалық консультанттар, жоба менеджерлері және өндірістік бөлімшелердің басшылары ретінде мұнай-газ өндіруші, сервистік және консалтингтік ұйымдарда, мемлекеттік құрылымдарда және энергетика секторының халықаралық корпорацияларында қызмет атқара алады.



