Инновациялық менеджмент
Уровень
Шифр
6М051700
Телефон

Инновациялық жобаларды басқару мен инновациялық технологияларды өндіріске енгізу саласына қажетті мамандар даярлайды. Бұл прогрессивті технологияларды іздестіру мен оларды өндіруге, соның негізінде инновациялық технологиялық бизнес құру үшін коммерциялық жобалар жасауға бағытталған жаңа мамандық.

Түлектер жаңа өнімдердің, материалдардың, жаңа қызмет түрлерінің, жоғары технологиялардың сұранысын анықтау мақсатында нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізуді, нарық көлемін анықтауды, инновациялық идеяларды бағалауды, болашақ жобаның бизнес-жоспарын құруды, жаңа технологияларды ендіруге дайын кәсіпорын іздеп тауып, олармен келісім-шарт жасасуды үйреніп шығады.

Бұл мамандықтың тағы бір ерекшелігі – ол үнемі тәуекелділікке бой ұрады, өйткені кез келген инновациялық жоба сәтсіздікке ұшырауы немесе пайдалы болмай қалуы мүмкін.  

Біздің түлектер экспертті-консалтингтік ұйымдарда, маркетингтік зерттеу орталықтарында, аймақтық және халықаралық ғылыми жобалау ұйымдарында, басқару және жобалау командаларында, сондай-ақ ірі-ірі компанияларда директор, жетекші маман қызметтерін атқара алады.