Ақпараттық қауіпсіздік
Уровень
Шифр
6В061
Профильді пән
Математика - Физика
Бағасы
635 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон

Ақпаратты қорғау, ақпаратты бағдарлама-аппараттық қорғау құралдары, криптографиялық қорғау, желілер мен жүйелер қауіпсіздігі саласында мамандар даярлайтын бағдарлама. «Ақпараттық қауіпсіздік» бағдарламасы 3 бағыттан тұрады:  Желілер мен жүйелер қауіпсіздігі, Ақпаратты криптографиялық қорғау  және Ақпаратты техникалық қорғау. 

Студенттер мамандық бойынша дағдылар  мен құзыреттіліктерді қалыптастыратын пәндер кешенін оқиды. Python, Java, C++ заманауи бағдарламалау тілдерінің кешені және Oracle, MS SQL Server, MySQL деректер қорын басқару жүйелері оқытылады. Ақпаратты қорғаудың ақпараттық негіздеріне, цифрлық сұлбатехникаға, есептеу жүйелерінің архитектурасына, криптография негіздеріне, бұлттық технологияға және т.б. ерекше көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ сіздер нейронды желілерді, қауіпсіз web- қосымшаларды және ақпаратты қорғау жүйелерін жобалауды, техникалық барлауға қарсы құралдар және ақпаратты және нысандарды қорғау құралдарын оқитын боласыздар. Сіздер ақпараттық қауіпсіздік (АҚ), ақпараттық қорғау құралдары мен технологияларын жасау және эксплуатациялау, компьютерлік желілер мен жүйелердегі ақпараттарды қорғау үшін криптографиялық алгоритмдерді жобалау, стандарттарға сәйкес ақпараттық және  коммуникациялық жүйелердегі ақпараттарды қорғау жүйелерін жүзеге асыру, АҚ менеджментінің жүйесі мен саясатын әзірлеу мен енгізу, әртүрлі операциялық жүйелерді әкімшілеу, желілер архитектурасын түсіну мен қорғау  саласында білім аласыздар.

Ақпараттық қауіпсіздік бағдарламасын оқу барысында студенттер, осы салада қажетті дайындықтары бар мамандардың санын көбейтуге шақыратын Cisco компаниясында тегін курстар өтуге мүмкіндік алады.

Институтта ақпараттық және желілік технологиялар бойынша курстар жүргізетін Өңірлік Cisco Желілік Академиясы, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың биометриялық әдістер Ғылыми –зерттеу зертханасы және ақпаратты қорғау ауданындағы әлемдік көшбасшы Касперскиий зертханасы жұмыс істейді. Сонымен қатар оқу барысында АҚ ауданындағы көшбасшы белгілі «Positive Technologes», «СерчИнфоррм», «Фалконгейз» компанияларының өнімдері қолданылады.

Бағдарламаны өту аясында ҚР банктерінде, «Пацифика», «Галактика», «K-cell», «ҰАТ» АҚ, «Halyk Kazteleport», «АСКБ Алатау», компанияларында, Ұлттық тестілеу орталығында, Мемлекеттік техникалық қызмет РМК тәжірбие өту қарастырылған. Үздік студенттер шетелдің жетекші университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алады.

Бағдарлама түлектері бакалавр дипломын алады және құпия ақпараттарды өңдеу, сақтау және тасымалдау техникалық құралдарын қолданатын экономикалық кауіпсіздік қызметтерінде, режимдік бөлімдерде, ақпараттық қауіпсіздік қызметтерінде, соның ішінде мемлекеттік билік органдары, ІІМ, кеден қызметі, салық органдарында, медициналық мекемелерде, банктерде, телекоммуникация және байланыс кәсіпорындарда жұмыс істейді, АҚ бойынша магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Алып шыққан мамандығы ақпараттық қауіпсіздік бойынша маман лауазымын, АҚ аналитигі, АҚ зертханасының қызметкері, IT- жобалар менеджері, дерекқор және сайт әкімшісі, Java, Python, C#, PHP және т.б. бағдарламалаушысы лауазымын атқаруға мүмкіндік береді. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандар мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда әрқашан сұранысқа ие. Біздің түлектер Қазақстандағы, Ресейдегі, Үндістандағы, Канададағы, Кубадағы АҚ ауданында жұмыс істейді.