Инженерлік физика

Бағдарлама заманауи ғылымды қажет ететін технологияларды пайдалану, әртүрлі қолданыстағы жабындарды және жаңа материалдарды, аспаптар мен құрылғыларды өндіріске енгізуге, жасауға мамандарды дайындауға арналған. Технологиялар мен техниканың, ғылымның дамуындағы стратегиялық басымды бағыт болып табылады.

Механика, атомдық және  ядролық физика, физикадағы сандық әдістер, электроника және сұлба техникасы, материалтану жан-жақты оқытылады. 

Өңдеу, зерттеу, түрлі қолданыстағы органикалық және бейорганикалық табиғатты материалдарды қолдану және модификациялау, бұйымдар мен бөлшектерді дайындау, материадарды алу процестері, сонымен қатар техника мен технологияның түрлі аумақтары үшін олардың сапасын басқару аясында білім аласыз. Механиканың физикалық негіздері, электр және магнетизм негіздері, оптика, атомдық және ядролық физика, физикадағы сандық әдістер, инженерлік және компьютерлік графика және т.б. білетін боласыз.  

Материалтану, нанотехнологиялар, космостық және атомдық салалар аумағындағы өзекті инженерлік және ғылыми есептерді шеше алатын боласыз. 

Берілген бағыттағы мамандардың міндеттеріне жаңа физика – техникалық аспаптарды жасау, әртүрлі қолданыстағы жиынтықтар мен жүйелерді құру кіреді. 

 Бітірушілер ғылыми-зерттеу ұйымдарында және өндірістік зертханаларда жұмыс істейді.

Кәсіптің болашағы: дефектоскопист, материалдардың химиялық және спектрлік талдауы бойынша инженер, электрондық микроскоп бойынша инженер, материалдар мен жабындарды сынаушы-инженер, материалтанушы-инженер.