Инженерлік механика

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В064 Механика және металл өңдеу Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
asiin
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Бағдарлама заманауи математикалық және компьютерлік әдістерді пайдалана отырып, іргелі физикалық және инженерлік принциптер негізінде инженерлік мәселелердің кең ауқымын шеше алатын мамандарды дайындайды. Бағдарламаның миссиясы – елді жоғары технологиялар инженерия саласында жұмыс істеу үшін жаратылыстану және инженерлік механика саласында іргелі білімі бар жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламасы Massachusetts Institute of Technology – MIT, Stanford University, University of Cambridge, Georgia Institute of Technology, Pennsylvania State University, Tokyo University, National University of Singapore, Nanyang Technological University (Singapore) және тағы басқа сияқты әлемнің үздік зерттеу және инженерлік университеттерінің бағдарламаларына сәйкес жасалған.

Бағдарлама студенттерді физикалық құбылыстарды түсіну және қолдану үшін қажетті инженерия негіздерін оқытуға бағытталған. Түлектер инженерлік шешімдерді озық технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеулерін толық түсіне отырып қабылдайтын мүмкіндікке ие бола алады.

Оқыту барысында қазіргі инженерлік жобалау негізінде жатқан математика, физика және механика бойынша іргелі білімге, ақпараттық технологияларға ерекше көңіл бөлінеді. Осы салаларда алынатын базалық білім болашақ мамандарға өндірістің кез келген саласында жұмыс процесіне тез кірісуге, жаңа технологиялардың кең ауқымын оңай игеруге мүмкіндік береді.

Түлектер түрлі мансап жолдарын таңдай алады. Кейбіреулері өнеркәсіпке тікелей инженерлер ретінде бара алады, ал басқалары Инженерлік механика немесе қолданбалы ғылымдар саласында ел мен әлемнің үздік университеттерінде магистратурада оқуын жалғастыра алады. Көптеген түлектер бизнесте немесе қоғамдық қызметте мансаб жасап жүр.

Үздік түлектер ҚазҰУ, Назарбаев Университеті, АҚШтың Пэрдью университеті, Джорджий технологиялық институты, Питсбург Университеті, Иллинойс университеті, Сингапурдың ұлттық университеті, Францияның Лоран университеті және де басқа көптеген университеттердің магистратураларында немесе докторантураларында оқыды, не оқып жүр.