Инженерлік механика
Уровень
Шифр
6В071
Профильді пән
Математика - Физика
Бағасы
635 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон

Бағдарлама қоршаған ортаны қорғау, техникалық және биологиялық объектілер туралы ақпарат алу, тіркеу және өңдеу, сондай-ақ өнімдерге және стандарттарға, ережелерге және талаптарға сәйкестікті белгілеу, енгізу және өнімдер мен қызмет және өндіріс үрдістерін бақылау саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған.

Автоматтандыру мен робототехниканың техникалық құралдарын пайдалана отырып, өндірістік процестерді автоматтандыру саласында жоғары сапалы білім беретін Қазақстандағы жалғыз бағдарлама.

Сіз мехатроника және робототехника, бағдарламалау, бақылау-есептеу аспаптары, аспап жасаудағы компьютерлік технологиялар, аспап жасау технологиялары, жасанды интеллекттің математикалық әдістері саласында білім аласыз.

Түлектер аспаптардың функционалдық және құрылымдық диаграммаларын әзірлеуге қатысады, өнімнің белгілі бір бөлшегі мен тұтас бұйымға қойылатын техникалық талаптарды белгілейді, техникалық бөлшектер мен компоненттерді жобалап құрастырады, жабдықтардың тәжірибелік үлгісін монтаждап пайдалануға береді.

Өнімнің сапасын басқаратын мамандарды талап ететін өнеркәсіп саласында және қайта өңдеу өнеркәсібінде (жеңіл, тамақ, құрылыс), көлік индустриясында, темір жол және автомобиль өнеркәсібінде және басқа да қызмет салаларында жаңа құрылғылар мен машиналарды жасауды қажет ететін барлық салаларда жұмыс істей аласыз.

Химиялық, биологиялық және роботтық өндірістерде, сондай-ақ альтернативті энергетика саласында аспап жасаушыларға сұраныс ТМД елдерінде осындай бағдарланған білікті мамандардың аз санына байланысты үнемі өсуде. Негізгі жұмыс берушілер – Алматы қаласының Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы, Алматы ауыр машина жасау зауыты, С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты, Алматы желдеткіш зауыты және басқа да ірі кәсіпорындар.