Картография

Жергілікті берілген мәліметтерді басқару үшін географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалану барысында, әрі  көзбен шола отырып, ГИС ортада карта құрастыруға қажетті білікті картограф-мамандарды даярлайды.

Түлектер картография және геоматиканың негізгі аспектілері жөнінде терең білім алып шығады. Кеңістіктегі ақпаратты жинау, өңдеу және оларға сараптама жасау әдістерін, елдің әртүрлі өңірлеріндегі табиғи және қоғамдық үрдістерін, экологиялық жағдайын, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін анықтау, мониторинг жасау, бағалау және болжамдау үшін қажетті картографиялық көріністерді қолданудың және өндірудің қазіргі заманғы геоақпараттық әдістерін оқып-білу жолдарын үйреніп шығады. Сонымен қатар кеңістіктегі әртүрлі ақпаратты жинау, түрлендіру, картографиялық тұрғыда шолу жасауды, ол ақпараттарды қазірі заманғы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен өңдеп, оларға сараптама жасау әдістерін біліп шығады.

Біздің түлектер ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер, картографиялық және геодезиялық қызметпен айналысатын компанияларда картограф немесе ГИС-маманы болып қызмет етеді.