Химиялық және биохимиялық инженерия
Деңгейі
Оқу жолдары
ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру мамандықтарының классификаторы бойынша оқыту жолдары Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
5В060800 Экология В051 Қоршаған орта Биология - География
Бағасы
635 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы», «Биотехнология», «Экология» мамандықтарының негізінде 2018 жылы құрылған жаңа бағдарлама жүйелі түрде іргелі және практикалық білім алып шыққан түлектерге жұмысқа тұру мақсатында көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.  

Бағдарлама химия, кен байыту мен өндіру салалары кәсіпорындарына қажетті мамандарды даярлайды. Бұл – Сәтбаев университетінде оқытылатын мамандықтар ішінде келешегі өте зор мамандықтың бірі. Оның ерекшелігі – «Ядро-химиялық технология» және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-на қажетті кәсіби инженер-техникалық мамандарды даярлау болып табылады.

Түлектердің кәсіби қызметі – химиялық шикізаттан, мұнай мен газ өнімдерінен және басқа да органикалық заттардан тұрмыстық заттар өндіріп, жанар-жағармай, арнайы май өнімдерін, химиялық жуғыш заттарды, органикалық синтез заттарын алу жолдарын жобалау, оны өңдеу, қолданысқа енгізу және оның үрдістерін жетілдіру.

Түлектер органикалық және органикалық емес заттар өндірісінің технологиялық үрдістерін жоспарлау мен ұйымдастыруды, технологиялық жабдықтарды қолдануды, органикалық қосылыстар мен оның синтезі саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді және олардан алынған нәтижелерді сараптамадан өткізуді үйреніп шығады.

«Химиялық және биохимиялық инженерия» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын бітіріп шыққан түлектерге «Техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Бағдарлама бойынша таныстырылым, өндірістік және диплом алдындағы практика қарастырылған. Ағылшын тілі тереңдете оқытылады.

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін сіз:

  1. Жалпы инженерлік терең және іргелі білім аласыз;
  2. Үш тілді біліп шығасыз;
  3. Мансапты одан әрі өсіру мүмкіндігіне ие боласыз;
  4. Еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие боласыз.

Кәсіби мамандық ретінде сіз төмендегі бағыттардың бірін таңдай аласыз:

1. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» – көмірсутекті, минералды және техногенді шикізаттан мақсатты өнімдер, реагенттер және полимерлер өндіру саласына қажетті мамандық. Түлектер ұлттық, халықаралық мұнай және мұнай химиясы кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда, жобалау-конструкторлық және білім беру ұйымдарында, сондай-ақ осы салаға қатысты т. б. мекемелерде жұмыс істейді.

2. «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы» – ядролық химия технологиясы; табиғи шикізат көздерін кешенді түрде қолдану технологиялары; минералды қышқылдар мен тұздар, сода, сілтілер өндірісі; газ бен су құбырларын тазарту; химия-металлургиялық өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық қалдықтарды өңдеу; хром және оның қосылыстары өндірісі; әйнек шығару; синтетикалық жуғыш заттар мен минералды тыңайтқыштар өндіру саласына қажетті мамандық. Түлектер әртүрлі химиялық кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттары мен білім беру ұйымдарында инженер-технолог, жобалау инженері, ғылыми қызметкер ретінде еңбек етеді.

3. «Биотехнология» – экологиялық биотехнология мен биотехниканы, жаңартылатын альтернативтік биоэнергияны, техникалық биополимерлер мен органикалық еріткіштерді өндеу және оны өндіріске енгізу саласына қажетті мамандық. Түлектер биотехнологиялық бағыттағы өнеркәсіптің барлық салаларында, ғылыми-зерттеу институттарында, осы сала бойынша жоғары және орта техникалық білім беру орындарында, экология саласында, санитарлы-эпидемиологиялық және кедендік қызмет орындарында еңбек ете алады. 

4. «Экология» – қоршаған ортаны қорғау; экологиялық жорамал және мониторинг жүргізу; экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау саласына қажетті мамандық. Түлектер әртүрлі өндіріс орындарында, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі отандық және халықаралық ұйымдарда, табиғи шикізат көздерін өңдеу саласында, ғылыми-зерттеу институттары мен білім беру ұйымдарында инженер-эколог, ғылыми қызметкер, жетекші маман ретінде, сондай-ақ экологиялық ғылыми жобаларда эксперт-маман ретінде қызмет етеді.

Білім беру бағдарламасы туралы толығырақ