Ақпарат:

Мехатроника және машина жасауды автоматтандыру

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В063 Электротехника және автоматтандыру Математика - Физика
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Механика, электроника, автоматика және ақпараттық технологиялар бойынша білімді біріктіретін мехатроника және автоматтандыру саласына қажетті мамандарды даярлауға арналған бағдарлама. Ол машина жасау саласындағы автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалауға, енгізуге және оларға қолдау көрсетуге бағытталған. Әрі инженерлік білім берудің халықаралық стандарттары мен мехатроника саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді, соның ішінде АҚШ, Германия, Жапония және City University of Hong Kong университетінің тәжірибелерін ескере отырып әзірленген.

Бағдарлама автоматтандырылған және роботтандырылған жүйелер, интеллектуалды машина жасау өндірісі және цифрлық модельдеу саласы бойынша жоғары сапалы инженерлік білім беруді қамтамасыз етеді. Студенттер бағдарламаланатын логикалық бақылаушылардың жұмыс істеу принциптерін, CAD/CAM/CAE автоматтандырылған жобалау жүйелерін, SCADA технологиялық процестерді басқару жүйелерін, MATLAB/Simulink жүйесінде модельдеуді үйренеді, сонымен қатар цифрлық егіздерді құруды және өндірістік процестерді басқаруда жасанды интеллектті қолдануды қоса алғанда, мехатрондық кешендерді жобалау мен енгізу дағдыларын меңгеріп шығады.

Оқу барысында студенттер заманауи инженерлік бағдарламалық кешендер жұмысын игереді, өнеркәсіптік автоматтандыру және IoT саласындағы стартап жобаларға және ғылыми зерттеулерге қатысады. Әсіресе сыни және шығармашылық ойлауды дамытуға, инженерлік амал-тәсілдерді қалыптастыруға және практикалық мәселелерді жүйелі түрде шешуге ерекше көңіл бөлінеді.

Түлектер мехатроника негіздерін, автоматты басқару теориясын, өнеркәсіптік логистика және өндірісті ұйымдастыру принциптерін, киберфизикалық жүйелерді құрудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ машина жасау өндірісінің өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі автоматтандыру технологияларын біліп шығады. Механикалық және электрондық компоненттерді бір автоматтандырылған жүйеге біріктіру, ЧПУ-жабдықтарымен жұмыс істеу және инженерия мен ІТ қиылысқан тұстағы шешімдерді әзірлеу дағдыларын меңгереді. Бағдарлама сонымен қатар студенттердің бойында көпсалалы командаларда жұмыс істеу, инженерлік жобаларды басқару және технологиялық инновацияларды енгізу қабілетін дамытады.

Дәріс оқып, консультация өткізу үшін жетекші университеттердің оқытушылары мен сала мамандары шақырылады. Бағдарлама экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады және өндірісті цифрландырудың және Индустрия 4.0-ге көшудің өзекті тақырыптарын қамтиды.

Студенттер машина жасау және автоматтандыру кәсіпорындарында, IT- компанияларында және ғылыми-зерттеу ұйымдарында тәжірибеден өтеді. Бағдарлама серіктестерінің арасында – автоматтандырылған желілерді, басқару жүйелерін және өнеркәсіптік электрониканы әзірлеумен және қызмет көрсетумен айналысатын компаниялар, сондай-ақ машина жасау, энергетика, мұнай-газ және қайта өңдеу өнеркәсібі орындары бар.

Үздік студенттер шетелдік жетекші университеттердің академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша қосымша білім ала алады, олардың ішінде Томск политехникалық университеті, Фрайс университеті, Лоррэна университеті (Франция), Тау-кен техникасы мен технологиялары институты (Қытай), Мишкольц университеті (Венгрия) және т.б. сияқты.

Түлектер робототехника саласында инженер-мехатроника, автоматика мамандары, SCADA жүйесін әзірлеушілер, цифрлық жобалау инженерлері және сервистік инженерлер болып жұмыс істейді. Олар Қазақстанда да, шетелде де машина жасау кәсіпорындарында, энергетика, мұнай-газ секторында, қайта өңдеу, көлік және логистика салаларындағы өнеркәсіптік автоматтандыру компанияларында жоғары сұранысқа ие болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту
bot_entrant