Менеджмент
Уровень
Шифр
6М050700
Телефон

Басқару мен бизнес саласында халықаралық деңгейде іскерлік және академиялық мансап құруға талпынған талантты мамандарды даярлайды. Бұл экономика саласындағы ең беделді де күрделі мамандықтардың бірі.

Бизнес-жоспар жасау, жобалар мен инвестицияларды, зияткерлік меншікті басқару, қаржы менеджменті мен сапа менеджменті секілді бағыттар бойынша білім ала отырып, түлектер инновациялық үдерістерді басқарумен қатар, тұтастай кәсіпорынды басқару саласы бойынша да білім алып шығады.

Сондай-ақ түлектер стратегиялық менеджменттің қыр-сыры мен әдістерін толық меңгеріп, кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру жұмысын дайындау мен оған инновация енгізуді; ол туралы өзекті ақпараттарды тауып, сараптама жүргізуді; кәсіпорынның даму жоспарын жасап, оны іске қосуды үйреніп шығады.

Түлектер ұйымдар мен бөлімдердің бастығы, менеджері, жергілікті және мемлекеттік басқару органдарында жетекші мамандар ретінде қызмет етеді.