Маркшейдерлік іс

Тау-кен ғылымы саласына қажетті мамандарды даярлайды. Ол саланың құрамына кен орындарын барлау және оларды іске қосу кезінде, тау-кен өнеркәсібі орындарын салу және оның құрылысын жобалау кезінде жер үстінде және тау-кен үңгімелерінде өлшемдер жасау жұмыстары жатады. Бұл жұмыстар жоспар құрып, қажетті нысанның жобасын дұрыс жасауды, әрі тау-кен-геометриялық есептерді дұрыс есептеуді қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Түлектер геология, геодезия, маркшейдерлік және тау-кен істерін меңгеріп, жаңартылған жоғары дәлдікті оптикалық және лазерлік аспаптарда жұмыс жасауды, электрондық тахеометрлерді қолдануды, сондай-ақ осы салаға қатысты құжаттарды толтыру әдістерін үйреніп шығады.

Маркшейдерлік қызмет – тау-кен байыту кәсіпорындарының (шахталар, кен орындары мен карьерлер) ең маңызды қызметтерінің бірі болып саналады, ол кен орны құрылысын жобалау кезінде де және оны қолданысқа енгізу кезінде де жүргізіледі. Маркшейдерлік істің әдістері мен нәтижелері сондай-ақ мұнай және тұз өндіру саласында, кен орындарын барлау кезінде, метрополитен, туннель және осы секілді құрылыстарда кеңінен қолданылады.

Маркшейдерлік қызметтің құрамына тау-кен үңгімелерін, ғимараттар мен құрылыс орындарын суретке түсіру, тау-кен үңгімелері мен геологиялық ұңғымалар бағытын анықтау, тау жыныстарының қозғалу үрдістерін оқып білу, қорларды есептеу, пайдалы қазбаларды тиімді түрде шығарып алу, таулы және мұнайлы-газды аймақтарда қоршаған ортаны қорғау шараларын ұйымдастырып, жер қойнауы байлығын сақтау жұмыстары да жатады.

Біздің түлектер тау-кен байыту кәсіпорындарында, құрылыстарда, мұнай-газ құбырын тарту жұмыстарында, автомобиль және темір жол құрылыстарында еңбек етеді.