Ақпарат:

Алдыңғы қатарлы технологиялар және тұрақты өндіріс

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы КТ элементтері
M103 Механика және металл өңдеу Өзара алмастыру негіздері - Машина бөлшектерi
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
peredovye-tekhnologii-i-ustoychivoe-proizvodstvo
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Лион Орталық мектебімен (Centrale Lyon campus of Saint-Etienne) бірлесіп әзірленген қосдипломды білім беру бағдарламасы материалтану, машина жасау, цифрлық өндіріс және Индустрия 4.0 инженерлік технологиялары саласына қажетті жаңа буын мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама өндірістік процестерді жобалау мен басқарудың заманауи тәсілдерін, компьютерлік модельдеуді, аддитивті технологиялар мен тұрақты даму қағидаттарын біріктіреді. Әсіресе жоғары технологиялық өндірістік шешімдерді әзірлеу мен оңтайландыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қолданбалы қызметке ерекше назар аударылады.

Бағдарлама озық инженерлік даярлық ісін заманауи өнеркәсіпте қолданылатын алдыңғы қатарлы цифрлық құралдарды меңгерумен ұштастырады. Магистранттар инженерлік талдау, материалдар мен технологиялық процестерді модельдеу мен оңтайландыру әдістерін меңгеріп шығады және цифрлық өндірістік платформалар мен Индустрия 4.0 технологияларын зерттеуді үйренеді.

Сіздер заманауи материалтану әдістері мен конструкциялық материалдарды, механиканы, термодинамика мен материалдар физикасын, аддитивті технологияларды, ұнтақты металлургияны, компьютерлік модельдеуді, инженерлік талдау мен цифрлық материалтану әдістерін, сондай-ақ беттік инженерия технологияларын оқып үйренесіздер. Сонымен қатар заманауи өндірістік технологиялық процестерді әзірлеу мен оңтайландыруды, FEM және Abaqus бағдарламаларын қолдана отырып, инженерлік есептеулер мен компьютерлік модельдеу жүргізуді, заманауи материалдардың құрылымын, қасиеттері мен сипаттамаларын талдауды, инженерлік бұйымдардың сенімді қызмет етуін, тозуға төзімділігі мен ұзақ мерзімділігін бағалауды, ғылыми-зерттеу және инженерлік жобаларды (R&D) жүргізуді үйреніп шығасыздар.

Бағдарлама бойынша зерттеулік, өндірістік және жобалық тәжірибе жинақтау, сондай-ақ өнеркәсіптік серіктестермен бірлесе отырып, R&D әзірлемелеріне белсенді түрде қатысу қарастырылған. Магистранттар материалдарды талдауға арналған заманауи цифрлық платформалармен, бағдарламалық кешендермен, зертханалық жабдықтармен және аддитивті өндіріс технологияларымен жұмыс істейді.

Түлектер машина жасау, металлургия, мұнай-газ және авиациялық-ғарыш өнеркәсібінде, энергетика саласында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, инженерлік және IT-компанияларда, сондай-ақ цифрлық өндіріс орталықтарында жоғары сұранысқа ие болады. Олар инженер-технолог, инженер-конструктор, аддитивті технологиялар жөніндегі маман, компьютерлік модельдеу инженері, R&D инженері, бұзбай бақылау маманы, сапа және сенімділік инженері, жоба менеджері мен бейінді пәндер оқытушысы болып жұмыс істей алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту