Өнеркәсіптік және өндірістік инженерия
Деңгейі
Бағасы
1 040 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    4. «Оқу траекториясы» деген бағандағы код номерін қолдану қажет емес. Ол өткен жылғы мамандықтардың код номерлерін (2019 жылға дейін) білім беру бағдарламаларының жаңа код номерімен («Білім беру бағдарламаларының тобы» деген баған) салыстыру үшін және сізге ыңғайлы болу үшін келтірілген.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М130 Стандарттау,  сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Квалиметрия

Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау

Өнеркәсіптік және өндірістік инженерия саласына қажетті ғылыми мамандарды даярлайды. Өндірістік және өндірістік инженер-зерттеушілер әртүрлі жүйелерде алынған нәтижелерді бағалау үшін математикалық, физикалық және әлеуметтік ғылымдар бойынша арнайы білім мен дағдыларды, сондай-ақ инженерлік талдау мен жобалаудың принциптері мен әдістерін қолданады. Осы нәтижелерге сүйене отырып, олар жаңа жүйелер құра алады, сонымен қатар өнім сапасын және басқа да жүйелер мен машиналардың жұмысын жақсарта алады.

Өнеркәсіптік және өндірістік инженерия саласына операциялық зерттеулер, жүйелі техника, машина жасау, құрылыс инженериясы, инженерлік менеджмент, қаржы инжинирингі және эргономика жатады.

«Өнеркәсіптік және өндірістік инженерия» бағдарламасы АҚШ-тың Harvаrd University, Stanford University, Georgia Institute of Technology, Pennsylvania State University сияқты үздік ғылыми және инженерлік университеттерінің оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленген.

Студенттер жобалау әдістерін, адамдардан, қаржылардан, білімнен, ақпараттан, құрал-жабдықтардан, энергиядан, материалдар мен процестерден құралып, интеграцияланған өнеркәсіптік жүйелерді зерттеу және жетілдіру жолдарын біліп шығады.

Басқа инженерлік пәндердің мамандары өз білімдерін техниканың шектелген салаларында ғана жұмсайтын болса, өнеркәсіптік және өндірістік инженерия мамандары экономиканың барлық салалары бойынша жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Түлектер өндіріс орындарында, демалыс парктеріндегі аттракциондарда, автомобиль өндірісінде және оның өнімдерін жеткізу нарығында еңбек ете алады.