Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс
Солға қарай айналдырыңыз
| Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
| В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламасы ғимараттар мен құрылыс орындарын жобалау, салу, пайдалану және қайта жаңарту саласына қажетті заманауи 2.0 құрылыс инженерлерін даярлауға бағытталған. Пәндердің мазмұны құрылыс индустриясының заманауи талаптарын, Қазақстан Республикасының жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласын, сондай-ақ «ақылды» және экологиялық құрылыс саласы бойынша халықаралық үрдістерді ескере отырып әзірленген.
Бағдарлама іргелі инженерлік дайындықты заманауи цифрлық технологиялармен ұштастырады және құрылыс нысанының бүкіл өмірлік циклін – жобалаудан бастап, құрылыс өндірісін ұйымдастыруға, ғимараттарды зерттеуге, терможаңғыртуға және энергия үнемдеуші технологияларды енгізуге дейінгі кезеңдерді қамтиды. Әсіресе тұрақты және экологиялық құрылысқа, сондай-ақ құрылыс саласын цифрландыруға, BIM-технологияларды қолдануға және заманауи бағдарламалық кешендерді пайдалануға ерекше назар аударылады.
Студенттер сәулет және құрылыс конструкциялары, инженерлік және компьютерлік графика, құрылыс материалдары, темірбетон және металл конструкциялары, құрылыс өндірісінің технологиясы, ғимараттардың инженерлік жүйелері, инженерлік геодезия, сейсмикалық тұрақты ғимараттарды жобалау, ғимараттар мен құрылыс орындарын зерттеу және сынақтан өткізу, ғимараттарды терможаңғырту және қайта жаңғырту технологиясы, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру сияқты пәндерді оқиды.
Студенттер заманауи BIM және CAD-технологияларын қолдана отырып, әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, жобалық және техникалық құжаттаманы әзірлеуді, сондай-ақ құрылыс процестерін басқару мен ғимараттарды пайдалану дағдыларын меңгеріп шығады. Сіздер AutoCAD, Revit, Civil 3D және ЛИРА есептеу кешендері сияқты заманауи инженерлік бағдарламалармен жұмыс істеуді үйреніп, тұрақты әрі «ақылды» құрылыс жобаларын әзірлеуге тікелей қатыса аласыздар.
Оқу ісі тәжірибеге бағытталған білім беру үрдісіне негізделген, әрі жұмыс берушілермен және құрылыс индустриясының өкілдерімен өзара тығыз әрекеттесуді қамтиды. Сейсмикалық тұрақты конструкцияларды жобалау, сейсмотұрақтылықты бағалау, энергия аудиті, ғимараттарды терможаңғырту және қайта жаңғырту технологиялары, жаңартылатын энергия көздері, тұрақты даму негіздері және Қазақстандағы ESG жобалары сияқты бағыттарға ерекше назар аударылады.
Түлектер жобалау және құрылыс ұйымдарында, өндірістік ұйымдарда, инженерлік және сараптамалық компанияларда, құрылысты қадағалау ұйымдарында және энергия тиімділігі саласында жоғары сұранысқа ие болады. Олар құрылыс инженері, жобалаушы инженер, BIM-маман, ӨТБ инженері, ғимараттарды реновациялау және терможаңғырту жөніндегі маман, энергия үнемдеу технологияларының инженері, тұрақты даму және құрылыс жобаларын басқару саласының маманы ретінде жұмыс істей алады.



