Робототехника және тау-кен ісін автоматтандыру
Солға қарай айналдырыңыз
| Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
| В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Білім беру бағдарламасы тау-кен ісі саласында тиімді, қауіпсіз және технологиялық тұрғыдан негізделген тау-кен жұмыстарын әртүрлі тау-кен-геологиялық және өндірістік жағдайларда автоматтандыру және роботтандыру жүйелерін қолдана отырып жүргізе алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Бағдарлама студенттерге геология, геомеханика, кен орындарын игерудің автоматтандырылған технологиялары, сондай-ақ процестерді цифрландыру, датчиктер, IoT, SCADA жүйелері мен кеніштің цифрлық егіздері салалары бойынша іргелі білім береді. Білім алушылар тау-кен процестерін жобалау мен талдаудың заманауи әдістерін меңгеріп шығады, инженерлік есептеулер жүргізу, 3D-модельдеу және кен өндіруді жоспарлауға арналған бағдарламалық өнімдерді қолдану дағдыларын үйренеді. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікке, жер қойнауын тұрақты пайдалануға, тәуекелдерді бағалауға және нормативтік талаптарды сақтауға ерекше назар аударылады.
Бағдарлама аясында тау-кен металлургия компанияларында, ғылыми және жобалау ұйымдарында кәсіби тәжірибеден өту, сонымен қатар жақын және алыс шетел университеттерінде халықаралық академиялық алмасу бағдарламалары бойынша білім алу қарастырылған.
Түлектер тау-кен өндіру саласында инженерлік-техникалық қызметтерді атқарады және де ғылыми-жобалау ұйымдарында жоғары сұранысқа ие болады. Сондай-ақ олар тау-кен процестерін автоматтандыру инженері, робототехника инженері және цифрлық кеніш маманы қызметтерін де атқара алады.



