Жүйелік инженерия
Деңгейі
Оқу жолдары

  Солға қарай айналдырыңыз

ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру мамандықтарының классификаторы бойынша оқыту жолдары Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
5В070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу В057 Ақпараттық технологиялар Математика - Физика
Бағасы
830 000 теңге / 1 оқу жылына
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    4. «Оқу траекториясы» деген бағандағы код номерін қолдану қажет емес. Ол өткен жылғы мамандықтардың код номерлерін (2019 жылға дейін) білім беру бағдарламаларының жаңа код номерімен («Білім беру бағдарламаларының тобы» деген баған) салыстыру үшін және сізге ыңғайлы болу үшін келтірілген.

    Толығырақ

Жүйелік инженерия, CAD/CAM/CAE/PLM, анимация, композиция өзіндік контент жасайтын, сонымен қатар жүйелік тәжірибеде практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қажетті жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындай алатын жүйелік техника мен технологиялар салаларындағы білікті мамандарды даярлау. Қазіргі уақытта бұл сала  инновациялық жаңалықтарды жарыққа шығару және оңтайлы өнімдерді жасау бойынша жаңа дарынды жастарды тарта отырып, белсенді түрде дамып келеді.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары АҚШ-тың Harvard University, Stanford University, Georgia Institute of Technology, Pennsylvania State University сияқты үздік ғылыми және инженерлік университеттерінің оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленген.

Осы саладағы болашақ бакалаврлар САПР және басқару жүйелері, анимация және композиция әзірлеу және т.б. көптеген пәндер бойынша фундаментальды дайындықтан өтеді. Бастапқы курстардан бастап-ақ студенттер озық зерттеулермен жұмыс істеп, жобалар дайындайды. Оқу пәндері студенттер алғашқы оқу күнінен бастап-ақ өздерін инженерлер сияқты сезіне бастайтындай етіп құрылған.

Үздік оқыған студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдің жетекші университеттерінде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Жүйелік инженерия саласындағы мамандар жүйелік бағдарламалау және анимация жасау бойынша бірегей білімі мен шеберлігіне, сондай-ақ қазіргі заманғы озық техниканы пайдалану дағдыларына ие бола отырып,  әртүрлі тәжірибелі денсаулық сақтау мекемелерінде, жүйелік техниканы өңдейтін және өндіретін ұйымдарда, ғылыми зертханаларда, институттарда, ғылыми орталықтарда, сервистік қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындарда жоғары сұранысқа ие болады.