Құрылыс инженериясы

Бағдарлама жылу және газбен қамтамасыз ету, желдету және сумен жабдықтау, су әкету жүйелері объектілерін жобалау, монтаждау, жөндеу мен пайдалану саласында, сонымен қатар құрылыс инженериясы саласындағы біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды. Мамандарды даярлау үрдісі түлектерге техника және технология бакалавры дәрежесін берумен аяқталады.

Құрылыс инженериясы – бұл құрылыс саласындағы инженерия, құрылысты инженерлік қызметпен қамтамасыз ету, жобалау, материалдарды таңдау, салу, пайдалану, әзірлеу кезеңдерін қамтитын мамандық.

Студенттер сумен жабдықтау және суды әкету, жылу және газбен қамтамасыз ету, желдету жүйелерін жобалау, гидроэнергетика, көпір салу салаларында, сонымен қатар құрылыс материалдары мен құрылымдарының технологиясы саласында білім алады. Мамандырдың қызмет ететін кәсіби ортасы – құрылысты техникалық қамтамасыз ету, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардағы жұмыс орындары.

Бағдарламаның артықшылығы:

  • Жеке оқыту бағдарламасы;
  • Аса білікті профессор-оқытушылық құрамы;
  • Инженерлік жүйелері мен желілерін жобалау және пайдалану саласындағы жетекші ұйымдарда жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
  • Құрылыс қарқынының өсуіне байланысты түлектер жоғары сұранысқа ие.

Бағдарламаны зерделеу нәтижесінде алынған дағдылар:

  • Жүйелер мен бұйымдарды құрудың технологиялық процестері мен мөлшерін, материалдар шығынын есептеу;
  • Жобалық құрылымдық құжаттаманы нормативтік-техникалық материалдарды пайдалана отырып әзірлеу;
  • Анықтамалық-техникалық әдебиетпен, заманауи бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, нысандарды жобалау және есептеудің нормативтік құжаттарымен жұмыс істеу;
  • Елді мекендерді жоспарлау мен салу, ғимараттар мен құрылымдарды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды жобалау үшін бастапқы деректерді жинау және жүйелеу;
  • Аяқталған жобалық және құрылымдық жұмыстарды рәсімдеу, жобалық және жұмыстық техникалық құжаттамаларды дайындау;
  • Су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, муниципалдық, гидроэнергетикалық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастыру және басқару.

Түлектер құрылыс ұйымдарында, қалалық құрылыс шаруашылығының мамандандырылған ұйымдарында табысты жұмыс істеуде. Институт түлектері бөлімше немесе цех басшысы, құрылысты қадағалау және құрастыру немесе өндірістік процесстерді автоматтандыру және механикаландыру бойынша инженер-маман, сондай-ақ инженер-технолог, инженер-конструктор лауазымдарында жұмысқа орналаса алады.