Көлік және көлік жүйелерінің технологиясы мен автоматизациясы

Көлік техникасын жобалау, дайындау, сынау, пайдалану және жөндеу саласына қажетті мамандарды даярлау.

Түлектерге 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі, ал 2 жылдық оқу кезінде техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер көлік техникасын құру және жөндеу бойынша құжаттаманы әзірлеу, көлік техникасын және құралын дайындау технологиясын оңтайландыру, дайын өнімнің сапасын бақылау, сонымен қатар көлік техникасын пайдалану және жөндеумен байланысты қызметтерді басқару мүмкіндігіне ие болады.

Магистранттар компьютерлік техникамен, бағдарламалық құралдарымен, заманауи қондырғылар және аспаптармен жабдықталған 30 мамандандырылған зертханаларда тәжірибе жинақтап, біліктілікке ие болады. Оқу барысында ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Компас 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics, және APM WinMachine сияқты халықаралық деңгейдегі жаңа автоматты жобалау жүйелері қолданылады.

Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен бірігіп жұмыс істейді және TFH Georg Agricola (Германия), Pennsylvania State University, University de Loraine, AGH University of Science and Technology, CAUST, University Texas, Braunswille, University of Science and Technology Liaoning (Қытай) т.б. университет профессорларымен байланыс орнатқан. Магистранттар әлемнің барлық техникалық университтерінде шетелдік тәжірибеден өте алады.

Түлектер инженер-механик ретінде машина жасау зауыттарының көліктік кешендерінде, көліктік техниканың жұмысын іске асырушы кәсіпорындарда, машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және диллерлік орталықтарында, жобалау-конструкторлық бюроларда, инженерлік-техникалық қызмет көрсету орындары мен өндірістік бөлімшелерде жұмыс жасайды.