Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы

Индустриалды инженерия, өндірісті техникалық және технологиялық дайындау, машина жасауға қажетті бұйымдарды өндіру мен жобалау, оның технологиялық үрдісін ұйымдастыру мен басқару саласына қажетті мамандарды даярлайды. 

Түлектер халық тұтыну тауарларын өндіруді жобалау, сараптама жасау және есептеу негіздерін, өндіріс технологиясын бір қалыпқа келтіруді, оған қажетті құрал-жабдықтарды монтаждау мен бір ізге келтіру жұмыстарын үйреніп шығады. «Аддитивті технология» мамандығы аясында түлектер қазіргі заманғы сандық және аддитивті технологияларды үйреніп, жоғары дәлдікті күрделі бұйымдарды жасайтын қазіргі заманғы жабдықтарда жұмыс істеуді үйренеді. Атап айтқанда: 3D принтерах Stratasys J750 (АҚШ), Sintratec, Makerbot, Picaso; (РОЦ) DMG MORI MILLTAP 700 (Германия) роботталған өңдейтін орталық. Бұл бағдарлама Harvard University, Massachusetts Institute of Technology, University of Oxford университеттерімен бірлесе отырып жасалған. Студенттер Алматы ауыр машина жасау зауытында, С. М. Киров атындағы машина жасау зауытында, Алматы вентилятор зауытында, «Тенгизстройсервис Групп» және «Белкамит» компанияларында өндірістік практикадан өтеді.