Байбатша Әділхан Бекділдаұлы

Байбатша Әділхан Бекділдаұлы

Геология-минералогия ғылымдарының докторы

Профессор

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау» кафедрасы

Email: a.baibatsha@satbayev.111

H-index:
10

Докторанттардың саны:
3

Кәсіби өмірбаяны

Туған датасы: 11 мамыр 1948 жыл. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Инновациялық геология-минералогия лабораториясының» меңгерушісі. Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі

Жетістіктері:

1971-жылы Қазақ политехникалық институтының (қазір Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) геологиялық-барлау факультетін тәмамдаған. Институт бітірген соң, жолдамамен Қарағанды политехникалық институтына жіберіліп, мұнда 1992 жылға дейін аспиранттан геология-минералогия ғылымдарының докторына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1979 жылы Геология кафедрасының доценті болып сайланды. 1980-1988 жж. Жезқазған филиалында доцент, факультет деканы болды. 1993-жылдан Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде профессор, кафедра меңгерушісі, оқу-әдістеме департаментінің директоры, университеттің бас ғалым хатшысы болды. 2000-2002 жж. «Ұлағат» университетінің проректоры, 2002–2006 жж. Қазақстан-Британ техникалық университетінде факультет деканы, кафедра меңгерушісі және профессор қызметін атқарды. 2006-жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Казақ ұлттық техникалық университеті «Жалпы геология, минералогия және петрография» кафедрасының меңгерушісі болып сайланды. 2012-жылдан «Инновациялық геология-минералогия зертханасының» меңгерушісі.

1977 жылы «Прогнозирование устойчивости кровли очистных выработок шахт Карагандинского бассейна по комплексу геолого-геофизических данных» деген тақырыпта кандидаттық диссертацияны Артем атындағы Днепропетровск кен институтының арнайыланған ғылыми кеңесінде қорғады.

1991 жылы докторлық диссертацияны «Закономерности формирования инженерно-геологических условий месторождений в терригенных формациях Центрального Казахстана» деген тақырыпта Ленинград кен институтының арнайыланған ғылыми кеңесінде қорғады.

1994 ж. ҚазҰТУ-дың ұсынысымен профессор атағын алды.

2008 ж. Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі болып сайланды.

Ә.Б. Байбатша 25.00.08 «Инженерлік геология, тоңтану және грунттану» мамандығы бойынша Қазақстандағы алғашқы ғылым докторы.

Ғылымға қосқан үлесі – Әлемнің көптеген елдерінде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. 2008 жылы Ослода (Норвегия) өткен 33-ші, 2012 жылы Брисбенде (Австралия) болған 34-ші және 2016 жылы Кейптаунда (Оңтүстік Африка Республикасы) 35-ші Халықаралық Геологиялық конгреске қатысып, баяндама жасаған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылған көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетекшісі. Сонымен қатар Қазақстанның геологиялық құрылысы мен геодинамикалық дамуының жаңа ғылыми моделін әзірлеуде.

Негізгі шығармашылығы кенорындарды ұтымды әрі қауіпсіз игеру жағдайларын анықтайтын табиғи және техногендік факторларды бағалау мен болжаудың теориялық-әдістемелік ережелерін жасау проблемасына арналған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қарағанды тас көмір алабының шахталарында, Жезқазған мыс-полиметалл кенорнының кеніштерінде, Бестөбе алтын кенорнында, Белогорск (Кенді Алтай) сирек металдар кен-комбинатында, Итауыз бен Жаман Айбат мыс кенорындарында, Майкөбе қоңыр көмір алабында және басқа кенорындарда жүргізген. Зерттеу нәтижелері кеніштерді жобалау мен салуда, жерасты және ашақ тәсілдермен кен қазу жұмыстарын (ГИПРОЦвемет–Москва, ГИПРОуголь–Қарағанды, ЖНИПИцветмет–Жезқазған және басқа мекемелер) жоспарлауда пайдаланылған. Итауыз кенорны (1987) мен Жезқазған кенорнының терең горизонттарын зерттеу бойынша (1988) геологиялық есепнамалары КСРО-ның Қор бойынша Мемлекеттік комиссиясында қорғалған.

Қазақ даласының ежелгі тарихын және Қазақ хандығы құрылғанына биыл 550 жыл болғанын әйгілеген ұлы тарихи тұлға Мұхаммед Хайдар Дулатитің мұрасын зерттеумен айналысады. Елімізде тұңғыш рет “Қазақстанның антропогендік тарихы (Алматы, Ғылым, 2003 – 296 б.)” және “Антропогеновая история Казахстана (Алматы, Ғылым, 2003 – 296 с.)” монографияларын жариялады. Бұл еңбектерді Елбасы жоғары бағалап Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Мұражайына тапсырған.

Жалпы саны 580-ден астам ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 50 кітап (монографиялар, оқулықтар, оқу құралджары ) және 1 авторлық куәлік бар. Жоғары оқу орындарында білім беруде мемлекеттік тілді дамытуға да елеулі үлес қосып келеді. Қазақ тілінде 18 оқулық, әдістемелік нұсқаулар, нормативтік құжаттар (Нұсқаулықтар) мен терминологиялық сөздіктер даярлаған. 2012 жылы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған академик А.Г. Бетехтиннің әйгілі «Минералогиясын, 736 б.» қазақ тіліне аударып шығарды. Қазір белгілі америкалық ғалымдардың «Геохимия» монографиясын ағылшын тілінен қазақшаға аударуда. Шығарған еңбектерінің ішінде көпшілік оқырманға арналған ғылыми-танымдық Қазақстанның антропогендік тарихы. Алматы, Ғылым, 2003. - 296 б.; Антропогеновая история Казахстана. Монография. Алматы, Ғылым, 2003. - 296 б.; Мұхаммед Хайдар Дулати: Ататегі мен өмірбаяны. Алматы, Арыс. 2009. – 240 б.; Мұхаммед Хайдар Дулати: Моголстан хандары. Монография. Алматы, Арыс. 2009. - 248 б.; Антропогеновая история Казахстана. Қазақстан антропогендік тарихы, Сөздік-Словарь, 2011. - 496 с. және Anthropogenic history of Kazakhstan. - Almaty, 2012. - 278 p. кітаптары бар.

Халықаралық седиментологтар ассоциациясының, Еуропаның геология және инженерлер ассоциациясының мүшесі. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының Геология және кен бөлімінің ғылыми кеңесшісі, «ҚР Ұлттық ғылым академисының хабарлары, геология және техникалық ғылымдар сериясы» редколлегиясының мүшесі,

Техника, геология және мұнай-газ мамандықтыры бойынша PhD докторы диссертациясын қорғау диссертациялық кеңесінің төрағасы (2011-2012 жж.), төраға орынбасары және мүшесі (2013-2020 жж.). Бес PhD докторын және көптеген магистрлер даярлап шығарған.

Мемлекеттік марапаттары:

2007 жылы «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» атағымен; 2008 жылы ҚазҰТУ-дың «Айрықша еңбегі үшін» медалімен; 2010 жылы Қазақстан жаратылыстану ғылымдары саласындағы айрықша ғылыми зерттеулері үшін I дәрежелі мемлекеттік Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері; 2012 жылы ҚР ЖОО Ассоциациясының Ы. Алтынсарин атындағы қола медалімен; 2014 жылы «ЖОО саңлақ оқытушысы» атағымен; 2015 жылы «Қазақстан ғылымы мен техникасын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі үшін Мемлекеттік ғылыми стипендиясының» иегері; 2016 жылы геология саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасы жер қойнауын барлаудың үздігі» атағымен; 2018 жылы ҚР ЖОО Ассоциациясының Ы. Алтынсарин атындағы күміс медалімен; 2019 жылы ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталған. Қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған (2020). 2021 жылы университеттің дамуына қосқан үлесі және университеттің ғылыми өміріне белсенді қатысқаны үшін К. И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-ң алтын медалімен марапатталды.  Білім мен ғылымды дамытуға қосқан ерекше үлесі, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан үлкен үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынов орденімен марапатталды.

Білімі

1971 жылы Қазақ политехникалық институтының геологиялық барлау факультетінің "Геологиялық түсіру және пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу" мамандығы бойынша бітірді. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтына (КарПТИ) жіберіліп, онда аспиранттан геология-минералогия ғылымдарының докторына дейін еңбек жолынан өтті.

1977 жылы  Днепропетровск кен институтында "Геологиялық-геофизикалық деректер кешені бойынша Қарағанды бассейні шахталарының тазарту қазбалары шатырларының орнықтылығын болжау" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1991 жылы Ленинград кен институтының арнайы кеңесінде «Орталық Қазақстанның территориялық құрылымдарындағы кен орындарының инженерлік-геологиялық жағдайларының қалыптасу заңдылықтары» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Ғылыми жобалар

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ғылыми жобалардың жетекшісі:

"Алтынды байыту және тотыққан және байытылған кендерден алу технологиясын таңдау үшін оны наноминералогиялық зерттеу әдістемесін әзірлеу» "2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында наноғылым мен нанотехнологияларды дамыту" мемлекеттік бағдарламасы»;

"Қара металдарды, түсті және асыл металдарды өнеркәсіптік бағалаудың ғылыми негізделген өлшемдерін және кен орындарының пайда болу үлгілерін әзірлеу" (2009-2011 жж.); 

"Табиғи және техногендік шикізаттан алу технологиясын әзірлеу үшін алтынның геологиясы және микро - және наноминералогиялық зерттеулері" (2010-2012 жж.));

2012-2014 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша "Қазақстандағы кенді кен орындарын іздеу және болжау, геологиялық зерттеулердің дистанциялық әдістерін әзірлеу" ;

2015-2017 жылдарға арналған "Минералдық шикізат ресурстарын толықтыру үшін жер қойнауын геологиялық зерттеу және геологиялық-бағалау жұмыстарын ғылыми қамтамасыз ету" ғылыми-техникалық бағдарламасы;

2015-2017 жылдарға арналған "Минералды-шикізат базасын кеңейту үшін олардың перспективаларын бағалау мақсатында Жезқазған байыту фабрикалары қалдықтарының заттай құрамын және қасиеттерін зерттеу" гранттық тақырыбы бойынша;

2018-2020 жылдарға арналған BR05233713 "Қазақстанның кен шикізатының ресурстық базасын дамыту және жаңа көздерін әзірлеу үшін жер қойнауын кешенді геологиялық зерттеу" бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру тақырыптары.

Мемлекеттік қорының ғылыми жетекшісі (2022-2024 жж.) «Қорларды толықтыру және оларды кешенді өңдеуді қамтамасыз ету үшін техногендік және табиғи кендерді геологиялық-минерологиялық зерттеу»

Жарияланымдар

Geological and geotechnical specifics of uranium production at hydrogenetic deposit Semizbay

Bashilova, E.S., Baibatsha, A.B. Gornyi Zhurnal, 2022, 2022(7), pp. 61–66

Geotectonics and Geodynamics of Kazakhstan Paleozoides from the Plume Tectonics Position (Kazakhstan). Baibatsha, A.B. Advances in Science, Technology and Innovation, 2022, pp. 573–575

Prospects of Remote Sensing for Mineral Deposits Prediction in Kazakhstan. Baibatsha, A., Mamanov, E., Kembayev, M. Advances in Science, Technology and Innovation, 2022, pp. 339–341

Tailings are a Reliable Source of Mineral Reserves (Kazakhstan). Baibatsha, A.A.B., Omarova, G.M.,

Baibatchayeva, Z.T. Advances in Science, Technology and Innovation, 2022, (978-3-030-72546-4), pp. 381–383

Ore minerals and metal distribution in tailings of sediment-hosted stratiform copper deposits from poland and Kazakhstan. Duczmal-Czernikiewicz, A., Baibatsha, A., Bekbotayeva, A., Omarova, G., Baisalova, A. Minerals, 2021, 11(7), 752

Geological and mineralogical study of ore tailings for bio-leaching. Baibatsha, A., Bekbotayeva, A., Turysbekova, G., Bektai, E., Omarova, G. Periodicals of Engineering and Natural Sciences, 2021, 9(3), pp. 921–937

First record of the Early Carboniferous ammonoid genus Goniatites from the Greater Karatau (Kazakhstan palaeocontinent). Korn, D., Belka, Z., Skompski, S., ...Mustapaeva, S., Baibatsha, A. Palaeobiodiversity and Palaeoenvironments, 2020, 100(4), pp. 985–992

REMOTE SENSING TECHNIQUES for IDENTIFICATION of MINERAL DEPOSIT | MÉTODOS COSMOGEOLÓGICOS PARA IDENTIFICAR DEPÓSITOS MINERÁIS. Baibatsha, A.B., Kembayev, M.K., Mamanov, E.Z. Shaiyakhmet, T.K. Periodico Tche Quimica, 2020, 17(36), pp. 1038–1051

3d modeling for estimation of engineering-geological conditions of operating mineral deposits. Baibatsha, A.B., Muszyński, A., Shaiyakhmet, T.K., Shakirova, G.S. News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences, 2020, 4(442), pp. 19–27

Geotectonics and geodynamics of paleozoic structures from the perspective of plume tectonics: A case of Kazakhstan. Baibatsha, A. International Journal of GEOMATE, 2020, 17(71), pp. 194–202

Atal Yousufi, Alma Bekbotayeva, Andrzej Muszynski, Hemayatullah Ahmadi, Adilkhan Baibatsha (2019). DISTRIBUTION OF ULTRAMAFIC COMPLEXES IN AFGHANISTAN. International Multidisciplinary Scientific GeoConference: SGEM. Surveying Geology & Mining Ecology Management (SGEM)

Abdykirova G. Zh. Baibatsha A., Omarova G. (2019). FLOTATION ENRICHMENT OF ENRICHMENT FACTORY TAILINGS FOR USE AS TECHNOGENIC ORE. SGEM-2019, 30 June – 6 July Albena, Bulgaria, 2019.

Shakirova G. Baibatsha A., Omarova G.(2019. INNOVATIVE TECHNOLOGIES OF MINERAL RESOURCES PREDICTIOIN ON COVERED TERRITORIES)

AB Baibatsha, Suping Peng, SB Satibekova (2019). ESTIMATION OF THE PHYSICAL-MECHANICAL PROPERTIES OF THE ROCKS ON THE DEGREE OF COAL METAMORPHISM. NEWS OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN-SERIES OF GEOLOGY AND TECHNICAL SCIENCES. NATL ACAD SCI REPUBLIC KAZAKHSTAN

AB Baibatsha, GM Omarova, GS Shakirova (2018). ORE-CONTROLLING MAGMATIC COMPLEXES AS DERIVATES OF THE MANTIES PLUM. Magmatism of the Earth and Related Strategic Metal Deposits. Федеральное государственное бюджетное учреждение науки Ордена Ленина и ордена Октябрьской революции Институт геохимии и аналитической химии им. ВИ Вернадского Российской академии наук

АБ БАЙБАТША, ҒЖ МАМАНОВ, ГМ ОМАРОВА, СБ САТИБЕКОВА (2018). Прогноз перспективных участков на основе изучения гидротермально-метасоматических комплексов. Труды Университета. РГКП Карагандинский государственный технический университет

Adilkhan Baibatsha, Kulyash Dussembayeva, Gulimshat Shakirova (2018). GEOLOGICAL AND MINERALOGICAL FEATURES OF THE SAYAK ORE DISTRICT (KAZAKHSTAN). International Multidisciplinary Scientific GeoConference: SGEM: Surveying Geology & mining Ecology Management. Surveying Geology & Mining Ecology Management (SGEM)

СБ Сатибекова, АБ Байбатша (2018). ОЦЕНКА ПРОЧНОСТНЫХ СВОЙСТВ ГОРНЫХ ПОРОД ПО ДАННЫМ КАВЕРНОМЕТРИИ В БУРОВЫХ СКВАЖИНАХ. СОВРЕМЕННЫЕ ТЕХНИКА И ТЕХНОЛОГИИ В НАУЧНЫХ ИССЛЕДОВАНИЯХ. 

АГ Рахманбердиев, АС Дукенбаева, АБ Байбатша (2018). ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ В ТЕХНОЛОГИИ ДОБЫЧИ ПРИРОДНОГО УРАНА В ВИДЕ ТОПЛИВА ДЛЯ АЭС В РУДНИКЕ" ЦЕНТРАЛЬНЫЙ МЫНКУДУК". СОВРЕМЕННЫЕ ТЕХНИКА И ТЕХНОЛОГИИ В НАУЧНЫХ ИССЛЕДОВАНИЯХ

Adilkhan Baibatsha, Alma Bekbotaeva, Sandugash Satibekova (2017). ASSESSMENT OF CHANGES IN DIAMETER OF THE BOREHOLE AND PROPERTIES OF ROCKS ACCORDING TO WELL LOGGING. 15th International Congress of the Brazilian Geophysical Society & EXPOGEF, Rio de Janeiro, Brazil, 31 July-3 August 2017. Brazilian Geophysical Society

ЕЖ Маманов, АБ Байбатша (2017). Особенности формирования и минералогия медно-никелевых руд в Улытау-Карсакпайской зоне. Новое в познании процессов рудообразования

AB Baibatsha, E Mamanov (2017). Zh. Geology and geodynamics of Karsakpay-Ulytau geosuture zone and its prospects for minerals. News of the academy of sciences of the Republic of Kazakhstan. Series of geology and technical sciences. ISSN

Gulnara Omarova, Adilkhan Baibatsha, Andrzej Muszynski, Kulyash Dyussembayeva, Sergey Loparev (2017). ÌICROMINERALOGY OF GOLD-BEARING ORES OF METASOMATIC TYPE DEPOSIT IN KAZAKHSTAN. International Multidisciplinary Scientific GeoConference: SGEM: Surveying Geology & mining Ecology Management. Surveying Geology & Mining Ecology Management (SGEM)

Adilkhan Baibatsha, Yalkunzhan Arshamov, Alma Bekbotayeva, Refat Baratov (2017). GEOLOGY OF THE MAIN INDUSTRIAL TYPES OF COPPER ORE DEPOSITS IN KAZAKHSTAN. International Multidisciplinary Scientific GeoConference: SGEM: Surveying Geology & mining Ecology Management. Surveying Geology & Mining Ecology Management (SGEM)

Айкерим Канатовна Рысбекова, А Байбатша, А Әлібек, Г Егенбай (2017). РЕАКЦИИ ИЗМЕНЯЮЩИЕ СОСТАВ И КОЛИЧЕСТВО ВЕЩЕСТВ. Актуальные научные исследования в современном мире. Общественная организация" Институт социальной трансформации"

AB Baibatsha (2017). The role of the Paleozoic superplume in the formation of the geological structures of Kazakhstan with large metal deposits. Magmatism of the Earth and related strategic metal deposits.

Adilkhan Baibatsha, Alma Bekbotayeva, Sandugash Satibekova (2017). THE PENECONTEMPORANEOUS TRANSFORMATION AND PHYSICAL-MECHANICAL PROPERTIES OF TERRIGENOUS ROCKS. International Multidisciplinary Scientific GeoConference: SGEM: Surveying Geology & mining Ecology Management. Surveying Geology & Mining Ecology Management (SGEM)

Gulnara Omarova, Adilkhan Baibatsha, Aimkhan Kassenova, Sergey Loparev (2017). PETROLOGY OF ORE-BEARING METASOMATITES OF GOLD DEPOSIT KOKKYIA (SOUTH KAZAKHSTAN). International Multidisciplinary Scientific GeoConference: SGEM: Surveying Geology & mining Ecology Management. Surveying Geology & Mining Ecology Management (SGEM)

Adilkhan Baibatsha, Kulyash Dyussembayeva, Alma Bekbotayeva (2017). Material Composition of Technogenic Ores in Tails of Zhezkazgan Enrichment Factory (Central Kazakhstan). Applied Mechanics and Materials. Trans Tech Publications

AB Baibatsha, KS Duyssembayeva, AA Bekbotayeva (2016). Geological and Mineralogical Features of Tails of Zhezkazgan Concentrating Factory as Technogenic Deposits. GeoBaikal 2016. European Association of Geoscientists & Engineers

Geological and mineralogical study of ore tailings for bio-leaching A Baibatsha, A Bekbotayeva, G Turysbekova, E Bektai, G Omarova. Periodicals of Engineering and Natural Sciences (PEN) 9 (3), 921-937. DOI: http://dx.doi.org/10.21533/pen.v9i3.2298. Q2

Докторанттардың әлеуетті зерттеу жұмыстары

Кенді минералдарды алу мүмкіндігін және металдарды Қазақстанның қалдық қоймаларының қабатты шөгінділерінде таралу ерекшеліктерін зерттеу және бағалау