Байқоңырова Әлия Өмірхановна

Байқоңырова Әлия Өмірхановна

Ғылыми дәрежесі Техникалық ғылымдар докторы
Қызмет орны Профессор

Профессор, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттану академиясының және Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының толық мүшесі

 

Педагогикалық еңбек өтілі 45 жылдан асады. Он екі жыл Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Металлургиялық процестер және арнайы материалдар технологиялары» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. PhD докторы диссертациясын қорғау бойынша диссертациялық кеңестің төрайымы болды. Бірқатар гранттық жобалардың ғылыми жетекшісі. 250 аса жарияланымдардың, монографиялар мен оқу құралдарының авторы, 15 авторлық куәлігі мен патенттері бар. Шетелдік дипломдармен және грамоталармен марапатталған студенттік жұмыстардың жетекшісі. КСРО ЖБ және ОБМ «Жұмыстағы ерекше табысы үшін», «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгілерімен, ҚСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының III және  II дәрежелі «Еңбек даңқы» және «Еңбек ардагері»,  Байтұрсынов атындағы және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған, «Қазақстанның ең үздік оқытушысы» грантының және «Құрметті металлург» атағының иегері.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.