Бекбауов Бақберген Ермекбаевич

Бекбауов Бақберген Ермекбаевич

Ғылыми дәрежесі Phd докторы
Қызмет орны Профессор

Профессор, PhD.

Бекбауов Б. Е. жер қойнауындағы ағындарды математикалық және компьютерлік модельдеу саласында білікті маман болып табылады. Ол 2004 жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және ұстаздық қызметпен белсенді түрде айналысып келеді.

Ол «Ньютон – Аль-Фараби» серіктестік бағдарламасының қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамадан өту грантын иеленіп, Шеффилд университетінде, Луизиана штаты университетінде және Остиндегі Техас университетінде зерттеу жүргізді. Б. Е. Бекбауов

ЮНЕСКО зерттеу стипендиясының және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. 30-дан астам ғылыми жобаға жауапты орындаушы ретінде қатысқан, 60-тан астам ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады. «Үздік жас ғалым» атағын жеңіп алған.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.