Бейсенов Бауыржан Саккоұлы

Бейсенов Бауыржан Саккоұлы

Ғылыми дәрежесі Техникалық ғылымдар кандидаты
Қызмет орны Профессор

Профессор, қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Ғылыми-педагогикалық қызметте 37 жылдан астам еңбек өтілі бар оқытушы, зерттеуші және өнертапқыш. Өндіріске енгізілген шаруашылық-келісімді жұмыстардың, бірқатар гранттық ғылыми жобалардың жауапты орындаушысы, 100-ден астам, соның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда ғылыми мақалалардың, 5 оқу құралының, 100-ден астам әдістемелік құралдардың авторы. 9 инновациялық патенттердің, КСРО бойынша 5 авторлық куәліктердің авторы. 5В072400 және 6М072400 мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарының және ГОСО авторларының бірі болып табылады. Университеттік және республикалық әртүрлі конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары атанған студенттік және магистрлік жұмыстардың ғылыми жетекшісі болып табылады. «Қысыммен өңдеу машиналары мен үрдістері» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі. Институт пен университеттің ғылыми-педагогикалық қызметінен басқа да қоғамдық жұмыстарына белсене араласады, жас ғалымдардың тәлімгері мен жетекшісі. Жоғары оқу орындары аралығы бойынша 12 ғылыми еңбектер жинағының жауапты хатшысы, кафедра меңгерушісі қызметін атқарған, университеттің ішкі бақылау комиссиясының мүшесі. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Айрықша еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.