Елемесов Қасым Көптілеуұлы

Елемесов Қасым Көптілеуұлы

Ғылыми дәрежесі Техникалық ғылымдар кандидаты
Қызмет орны Кафедра меңгерушісі

Кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Ғалым, жиырма жылдық педагогикалық тәжірибесі бар оқытушы. 6 жылдан астам уақыт бойы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да, «Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС-де менеджер, бас менеджер қызметтерін атқарды. Әр жылдарда Түркияда Гебзе қаласындағы Жоғары технологиялар университетінде, Испанияда Валенсия политехникалық университетінде, Германияда Мютце университетінде, Голландияда, Польшада, Силезия политехникалық университетінде, Қазақстанда Назарбаев университетінде ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтті. 100-ден астам ғылыми басылымдардың авторы, оның ішінде 4 оқулық, 3 инновациялық патент, 5 Thomson Reuter, Scopus базасына енгізілген жоғары импакт-факторлы басылымдар. Қазақстан Республикасының Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясының корреспондент-мүшесі. Бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру тақырыбының ғылыми жетекшісі және бірқатар гранттық қаржыландыру бойынша инновациялық жобалардың жетекші ғылыми қызметкері. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясының «Тау-кен ғылымының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, жоғары білікті мамандарды даярлағаны үшін Satbayev University мадақтамасы бар. О. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургиялық институты жанындағы Консультативтік кеңестің төрағасы. «Тау-кен және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» біріккен заңды тұлғалар ұйымы жанындағы кәсіптік стандарттардың сарапшысы. Халықаралық ғылыми конференцияларға белсене қатысады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.