Хидолда Еркін

Хидолда Еркін

Техникалық ғылымдар кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты

Энергетика кафедрасы

Email: y.khidolda@satbayev.111

H-index:
1

Кәсіби өмірбаяны

Сәтбаев университетінің қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты.

Біліктілігі - тау-кен инженері, жалпы жұмыс өтілі 25 жылдан асады, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі - 23 жыл.

Ғылыми-педагогикалық қызметін 1996 жылы «Электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру» кафедрасының күндізгі бөлімінде аспирант ретінде бастады. 2000 жылы ЭжТКА кафедрасына ассистент ретінде қабылданды және 2012 жылға дейін аға оқытушы, содан кейін доцент болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі директорының оқу-әдістемелік мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылдың маусымынан 2017 жылдың 31 мамырына дейін «Энергетика» кафедрасын басқарды, содан кейін оқытушылық қызметке ауысты және осы уақытқа дейін кафедраның қауымдастырылған профоссоры болып жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат

1) 2017/2018 оқу жылынан бастап Университеттің академиялық жоспарлау комитетінің мүшесі, 2018/2019 оқу жылында осы комитеттің төрағасы болды.

2) 2016/2017 оқу жылынан бастап Алматы энергетика және байланыс университеті жанындағы «Энергетика, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» бағыттары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің тұрақты мүшесі.

3) Сәтбаев университетінің «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша Ғылыми диссертациялық кеңестің мүшесі.

4) Университет бойынша қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

5) 2014-2019 жылдарға арналған ИИДМБ-2-де магистратураға арналған білім беру бағдарламаларын жасау жобасы аясында ҚазҰТУ бойынша жауапты өкіл болды.

6) Темпус IV «Энергия және тұрақты даму саласындағы инженерлер мен экономистерге арналған магистрлік бағдарламаларды әзірлеу» жобасына жауапты орындаушы ретінде қатысты (2009-2012 жж.).

ҚазҰТУ «Айрықша еңбегі үшін» медалімен және ҚазҰТЗУ Ректорының  Құрмет грамотасымен марапатталған.

Білімі

1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының автоматика және басқару жүйелері факультетіне «Электр жетегі және өндірістік қондырғылар мен технологиялық кешендерді автоматтандыру» мамандығы бойынша түсіп, 1996 жылы «тау-кен инженері электромеханик» біліктілігін алды.

Сол жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру» кафедрасының күндізгі аспирантурасына түсіп, 2000 жылы бітірді.

2003 жылы 05.09.03 – «Электр техникалық кешендер мен жүйелер» мамандығы бойынша Алматы энергетика және байланыс институтының диссертациялық кеңесінде «Бейтарабы оқшауланған тораптардағы электр қауіпсіздігін жедел бағалау әдістемелері мен құралдарын жасау» тақырыбында диссертация қорғады.

Ғылыми жобалар

Негізгі ғылыми бағыттары:

- электрмен жабдықтаудың автономды жүйелерінің сенімділігін арттыру;

- күн электр станциялары үшін диагностикалық және болжау жүйелерін дамыту және жетілдіру;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергия үнемдеу, энергия тиімділігі және электр қауіпсіздігі мәселелері.

Зерттеу жобаларына қатысу және бастамашыл тақырыптар:

- Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаның ЖКФ бөлімдерінің бірінің жауапты орындаушысы Тақырыбы: «2014-2016 жылдарға арналған баламалы энергия көздеріне негізделген энергия тиімді технологияларды дамыту»;

- күн электр станцияларының өнімділігіне әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу және жаңартылатын энергия нысандарының энергетикалық сипаттамаларын диагностикалау және болжау әдістерін жасау (2020-2022 жылдарға арналған бастама тақырыбы).

Жарияланымдар

1. Khidolda Y., Yurchenko A., Bikbulatov A., Dinh Wang Tai, Alkina A. Design and Test of the PVT Concentrator System // 7th International Conference on Applied Innovation in IT, (ICAIIT), Anhalt University of Applied Sciences, March 2019

2. Бекбаев А.Б., Хидолда Е., Аширбеков А.С. Определение экономического потенциала солнечной энергий в условиях Шардаринского района ЮКО. Международная научно-практической конференция  «ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ, ПРОМЫШЛЕННАЯ И ЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ – 2017» 11 – 15 сентября 2017, г. Севастополь.

3. Исембергенов Н.Т., Хидолда Е., Анарбаева С. Энергоэффективная солнечная электростанция. Всемирный Конгресс инженеров и ученых «Энергия будущего: инновационные сценарии и методы их реализации» WSEC-2017, г. Астана, 19-20 июня 2017 г.

4. Хидолда Е. Саден Б. Система регулирования электроприводом тележки мощного мостового крана в продольной и поперечной осях. Труды X Международной научно-технической конференции посвященной памяти Первого ректора АУЭС Гумарбека Даукеева, г. Алматы, 18-20 октября 2018 г.

5. Хидолда Е., Габиден А. Защитное шунтирование – как один их эффективных методов обеспечения электробезопасности обслуживающего персонала в подземных электрических сетях. Труды Международных Сатпаевских чтений «Конкурентоспособность технической науки и образования» г. Алматы, 12 апреля 2016 г.

6. Хидолда Е. Арынов А.К. Токпеисова Г.Ш. К вопросу регулирования напряжения в системе электроснабжения предприятия с учетом реакции угла нагрузки. Труды Международных Сатпаевских чтений «Научное наследие Ш.Есенова», г. Алматы, 12 апреля 2017 г.

7. Khidolda Y., Kaspambayev R., Kharaman A. The comparative analysis of the operation of various experimental low-power Photo Electro Stations/ Труды Международных Сатпаевских чтений «Инновационные решения традиционных проблем: инженерия и технологии» г. Алматы, 12 апреля 2018 г.

8. Хидолда Е.,  Жарахметова С.М., Токпеисова Г.Ш. Тихоходные генераторы ВЭУ. Труды Международных Сатпаевских чтений «Инновационные решения традиционных проблем: инженерия и технологии» г. Алматы, 12 апреля 2018 г.

9. Хидолда Е. Шауалиев А., Мектеп Е. Исследование системы векторного управления частотно-регулируемым электроприводом переменного тока на виртуальной модели. Международный научный журнал «Молодой ученый», №1 (178), январь 2018.

10. Khidolda Y., Kharaman A. Development of a measuring module based on solar cells. Труды Международных Сатпаевских чтений «Инновационные технологии – ключ к успешному решению фундаментальных и прикладных задач в рудном и нефтегазовом секторах экономики РК» г. Алматы, 11 апреля 2019 г.

11. Хидолда Е., Жонкешова К.С., Бетекбаев А. Б. Диагностика солнечных панелей – основная мера для прогнозирования солнечных электростанции. Труды Международных Сатпаевских чтений «Инновационные технологии – ключ к успешному решению фундаментальных и прикладных задач в рудном и нефтегазовом секторах экономики РК» г. Алматы, 11 апреля 2019г.