Крупник Леонид Андреевич

Крупник Леонид Андреевич

Ғылыми дәрежесі Техникалық ғылымдар докторы
Қызмет орны Профессор

Профессор, техника ғылымдарының докторы

 

Өнертапқыш, алпыс жылдық еңбек тәжірибесі бар тау-кен инженері. 50 жылдан астам еңбек өтілі бар оқытушы, ғалым. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың бұрынғы ОӘБ және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры. Ғылыми жобалардың жетекшісі, 200-ден астам мақала авторы, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда, 3 оқулық пен 4 монографияның авторы. 20-дан астам инновациялық ашылулары мен патенттері бар.

Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп академиясының академигі. 3 техника ғылымдарының докторына, 9 техника ғылымдарының кандидатына, 3 Рhd докторы мен 28 техника және технология магистрлеріне жетекшілік еткен. «Горный журнал Казахстана» журналы бас редакторының орынбасары. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Еңбек ардагері», «КСРО ВДНХ күміс медалі» медальдарымен марапатталған, «КСРО өнертапқышы», «КСРО Жоғары білім беру үздігі», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Кенші даңқы», I, II және III дәрежелі «Горняцкая слава» (Ресей) медальдарымен марапатталған, академик А.А. Скочинский атындағы (Ресей), «Золотой Гефест» (Қазақстан Республикасы) сыйлықтарының лауреаты.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.