Мырзахметов Бейбіт Әбікенұлы

Мырзахметов Бейбіт Әбікенұлы

Ғылыми дәрежесі Техникалық ғылымдар кандидаты
Қызметі Профессор

Профессор, техника ғылымдарының кандидаты, ЖАК (Жоғары аттестациялық комиссия) доценті

 

Инженер-механик, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 35 жылдан асатын құрметті оқытушы және ғалым. КСРО МК-нің ірі мемлекеттік ғылыми жобаларының орындалуына тікелей атсалысқан және осы соның нәтижесі бойынша КСРО ҚМ-нің Салалық сыйлығының лауреаты атанған. ҚР-ның Ұлттық тау-кен ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. 2005–2016 жж. аралығында ҚазҰТУ-да «Мұнай және газ өндірісінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының меңгерушісі қызметінде болған. ҚР МЖМБС-ның (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) және бірнеше мамандықтың жұмысшы оқу жоспарының бірлескен авторы, 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде мамандық бойынша 7 оқу құралының және 30-дан аса өнертабысқа патент пен авторлық куәлік иесі. ҚазҰТУ-ның 2004 жылғы «Үздік оқытушысы». ҚазҰТУ-дың «Жылдың ең үздік өнертапқышы» атты конкурстардың жеңімпазы.

Саладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қолданбалы сипаттағы бірқатар ғылыми жобаның ғылыми жетекшісі. Силез техникалық университетінің (Польша) «Transport problems» атты ғылыми журналының редакция алқасының мүшесі. «Kazenergy» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының Қазақстандық ассоциациясының эксперттік кеңесінің мүшесі. «ҚазМұнайГаз» АҚ ТМГК (тәуелсіз мұнай-газ кешені) басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен және «Құрметті мұнайшы» төсбелгісімен, сонымен қатар «ҚР-ның мұнай және газ өндірісінің дамуына қосқан үлесі үшін» және  «Айрықша еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту