Нұрпейісова Маржан Байсановна

Нұрпейісова Маржан Байсановна

Ғылыми дәрежесі Техникалық ғылымдар докторы
Қызмет орны Профессор
Профессор, техника ғылымдарының докторы
 
Қазақстанның еңбек сіңірген ғалымы, тау-кен инженер-маркшейдері, 55 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар оқытушы. ҚР Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясының, РФ Тау-кен ғылымдары академиясының, Халықаралық экология академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. Көптеген ғылыми жобалардың жетекшісі, 300-ден астам ғылыми жұмыстардың, сонымен қатар 10 монографияның, жаңа ғасырдың 10 оқулықтары мен оқу құралдарының,  10-ға жуық патенттер мен алдын ала патенттердің авторы. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстанның маркшейдерлер одағының, Геодезисттердің халықаралық федерациясының мүшесі, «Қазақстан тау-кен журналы» журналының редакциялық кеңесінің, Satbayev University жанындағы «Геодезия» және «Тау-кен ісі» мамандықтары бойынша doctor PhD және ТашМТУ (Өзбекстан) жанындағы «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша doctor of Science диссертациялық кеңесінің мүшесі. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең жоғары академиялық сыйлық – Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйақымен, А. Байтұрсынов атындағы медальмен, Ш.Е.Есенов атындағы сыйақымен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен,  ҚР БжҒМ-нің «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, «Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер», «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» атақтарының иегері, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының екі мәрте иегері, салалық «Алтын Гефест» сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды, ІІ және ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» медальдарымен, «Тау-кен саласының батыры» құрметті белгісімен марапатталған.  
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.