Сәндібеков Манарбек Назарбекұлы

Сәндібеков Манарбек Назарбекұлы

Ғылыми дәрежесі Техникалық ғылымдар кандидаты
Қызмет орны Қауымдастырылған профессор

Қауымдастырылған профессор (доцент), техника ғылымдарының кандидаты

 

Тау-кен инженері, ҚазҰТЗУ-да 40 жылдан астам оқытушылақ тәжірибесі бар. Қазақстан Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, Халықаралық экология және өмір қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі (Санкт-Петербург), Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақстан Ұлттық тау-кен академиясының корреспондент-мүшесі. Жоғары дәрежелі ұстаз, кен орындарын ашық әдіспен игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы белгілі ғалым. Франция үкіметінің шақыруы бойынша Париждің Тау-кен мектебінде бір жылдық кәсіби даярлықты өтті. Жоғары Ұлттық тау-кен академиясы дипломының иегері, француз тілін жетік меңгерген. Ғылыми және педагогикалық еңбек жолында 100-ден астам еңбектері басылып шықты, соның ішінде  3 өнертапқыш куәлігі, 5 оқу құралы, сөздік, энциклопедия. Ерекше жетістіктері үшін Қазақстанның ОК ЛКЖО және ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен,  «Айрықша еңбегі үшін», «ҚазҰТУ ардагері» медалімен, сонымен қатар Халықаралық экология және өмір қауіпсіздігі ғылым академиясының  «За заслуги в науке» В.И.Вернадский орденімен, «За заслуги в образовании» Я.А. Каменский орденімен, қайырымдылығы үшін «Сауап» медалімен, II және III  дәрежелі «Кенші даңқы», «Тау-кен саласының батыры»  арнайы төсбелгілерімен марапатталған.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.